Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 октября 2019 года № 743 «Об утверждении Правил оказания гуманитарной помощи»

Қаулы · № 468 · қабылданған 13.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2019-no-743-ekb-197706/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 октября 2019 года № 743 «Об утверждении Правил оказания гуманитарной помощи» Қолданыста Қаулы ·№ 468 ·13.06.2024
13.06.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 октября 2019 года № 743 «Об утверждении Правил оказания гуманитарной помощи»

Қолданыста Қаулы ·№ 468 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 октября 2019 года № 743 «Об утверждении Правил оказания гуманитарной помощи»
Атауы (қаз.)
«Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
468
Қабылданған күні
13.06.2024
Көрсетілген редакция
13.06.2024 197706_705434.kaz
Соңғы өзгеріс
13.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000468
ЭКБ идентификаторы
197706
Редакция идентификаторы
197706_705434
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:06

0 «Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы
№ 743 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 743 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Гуманитарлық көмек көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органының немесе жергілікті атқарушы органның қарамағындағы, тиісті салада қызметін жүзеге асыратын ұйым;»;
13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган гуманитарлық көмек ретінде әкелінетін және әкетілетін тауарларға қатысты кедендік әкімшілендіру мен кедендік бақылауды бірінші кезектегі тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етеді;»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Шет елдерден және халықаралық ұйымдардан Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсетуді немесе Қазақстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсету туралы бастамашылық өтінішті қараған және оған әзір болған жағдайда сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті орган бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті саланың орталық мемлекеттік органына Қазақстан Республикасына көрсетілетін гуманитарлық көмекті қабылдау және бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін ақпарат жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
«31-1. Тиісті саланың орталық мемлекеттік органы сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті органның ақпаратын алған күннен бастап екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасына көрсетілетін гуманитарлық көмекті қабылдауға және бөлуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне сұрау салу жібереді. Сұрау салуда Қазақстан Республикасына көрсетілетін гуманитарлық көмектің сипаты, сипаттамасы, жеткізу орны, тиісті уәкілетті ұйым және оны бөлу бойынша ұсыныстар көрсетіледі.»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32 Тиісті саланың орталық мемлекеттік органының сұрау салуын қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары тиісті қарармен Қазақстан Республикасына көрсетілетін гуманитарлық көмекті қабылдауды және бөлуді келіседі не одан бас тартады.»;
33-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Уәкілетті ұйым тиісті орталық мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен гуманитарлық көмекті қабылдауды және бөлуді жүзеге асырады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы