О внесении изменений и дополнений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 8 июня 2020 года № 217 «Об утверждении Правил исчисления (определения) размеров социальных выплат, назначения, перерасчета, приостановления, возобновления, прекращения и осуществления социальных выплат из Государственного фонда социального страхования» и в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 11 июня 2020 года № 224 «О некоторых вопросах системы с
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 8 июня 2020 года № 217 «Об утверждении Правил исчисления (определения) размеров социальных выплат, назначения, перерасчета, приостановления, возобновления, прекращения и осуществления социальных выплат из Государственного фонда социального страхования» и в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 11 июня 2020 года № 224 «О некоторых вопросах системы с
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығы мен «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Респу
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 36
- Қабылданған күні
- 31.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2023 164238_644148.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200026702
- ЭКБ идентификаторы
- 164238
- Редакция идентификаторы
- 164238_644148
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:36
0
«Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығы мен «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің және әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 224 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
2
3 3. Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Е. Біржановқа жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
1 Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 31 қаңтардағы № 36
бұйрығына 1-қосымша
2 Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 31 қаңтардағы № 36
бұйрығына 2-қосымша
3 Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 31 қаңтардағы № 36
бұйрығына 3-қосымша
4 Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 31 қаңтардағы № 36
бұйрығына 4-қосымша
5 Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 31 қаңтардағы № 36
бұйрығына 5-қосымша
6 Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 31 қаңтардағы № 36
бұйрығына 6-қосымша
7 Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 31 қаңтардағы № 36
бұйрығына 7-қосымша
8 Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 31 қаңтардағы № 36
бұйрығына 8-қосымша
9 Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 31 қаңтардағы № 36
бұйрығына 9-қосымша
10 Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 31 қаңтардағы № 36
бұйрығына 10-қосымша
11 Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 31 қаңтардағы № 36
бұйрығына 11-қосымша
«Міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне қатысушыға
әлеуметтік аударымдардың
жай-күйі және қозғалысы туралы
ақпарат беру» мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жағдайы және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның (бұдан әрі - қор) филиалдары.
2
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі
1) Мемлекеттік корпорация;
2) қор;
3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал).
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Мемлекеттік корпорацияға, қорға немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 10 минут.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін ең ұзақ күтудің рұқсат етілетін уақыты жүгінген күні орнында - 15 минут.
Ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 20 минут.
4
Көрсету нысаны
Электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.
5
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызметту көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық/қағаз түрінде.
6
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемақының мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілі
Жеке тұлғаларға тегін.
7
Жұмыс кестесі
1) Мемлекеттік корпорацияда - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, «электрондық кезек тәртібінде», жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы брондауға болады.
2) қордың - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Қабылдау қорға жеке жүгіну тәртібімен жүзеге асырылады.
3) порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8
Құжаттар тізбесі
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
өзі жүгінген кезде:
1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет).
сенім білдірілген адам жүгінген кезде:
1) көсретілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
2) нотариат куәландырған сенімхат - көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде.
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қол қойылған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініш.
Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттардың сервисінен цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бірреттік құпиясөзді жіберу жолымен немесе қысқа мәтінді хабар жіберу жолымен «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі жағдайында іске асырылған интеграция арқылы алады.
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер
Көрсетілетін қызметті алушы мерізімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның, қордың қызметкері орталық атқарушы орган бекіткен нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
10
Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
Мемлекеттік қызмет электрондық және (немесе) қағаз түрінде көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және қосқан жағдайда бірреттік парольмен сұрау салу арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы «1414», 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
2) қордың www.gfss.kz интернет-ресурсының «Байланыс» бөлімінде;
3) портал: www.egov.kz-те орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.gov4c.kz, www.gfss.kz. интернет-ресурстарында көрсетілген.
Цифрлық құжаттардың сервисі электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе біржолғы құпиясөзді пайдалана отырып, «Egov mobile» мобильді қосымшада тіркелген пайдаланушылар үшін қолжетімді болады.
12 Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2022 жылғы 31 қаңтардағы № 36
бұйрығына 12-қосымша
«Міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне қатысушыға
әлеуметтік аударымдардың жай-күйі
және қозғалысы туралы ақпарат
беру» мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына 4-қосымша
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат
Тегі, аты, әкесінің аты:
Жеке сәйкестендіру нөмірі:
Қабылдау күні
Жеткізу күні
№
Құжаттың күні
ТТК
Жіберуші
БСН
Алушы
Төлем сомасы
Сома
Мәртебе
Кезең
М.О
Басшының Т.А.Ә.
Қолы
күні «___»_______20__жыл