О внесении изменений в решение маслихата от 8 июля 2020 года № 326 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Ашутастинского сельского округа города Аркалыка Костанайской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 8 июля 2020 года № 326 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Ашутастинского сельского округа города Аркалыка Костанайской области»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2020 жылғы 8 шілдедегі № 326 «Қостанай облысы Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 04.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2022 164669_560924.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22NC00088M
- ЭКБ идентификаторы
- 164669
- Редакция идентификаторы
- 164669_560924
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:33
0
Мәслихаттың 2020 жылғы 8 шілдедегі № 326 «Қостанай облысы Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Мәслихаттың «Қостанай облысы Арқалық қаласының Ашутасты ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» 2020 жылғы 8 шілдедегі № 326 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9325 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімнің қосымшаларында:
«Мәслихаттың 2020 жылғы 8 шіллдедегі № 326 шешімімен бекітілген», «Мәслихаттың 2020 жылғы 8 шілдедегі № 326 шешіміне қосымша» сөздері «Мәслихаттың 2020 жылғы 8 шілдедегі № 326 шешіміне 1-қосымша» және «Мәслихаттың 2020 жылғы 8 шілдедегі № 326 шешіміне 2-қосымша» сөздерімен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Мәслихаттың
2022 жылғы 4 ақпандағы
№ 88 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қостанай облысы Арқалық қаласы Ашутасты ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Ашутасты ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2 2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.
4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5 5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ашутасты ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Ашутасты ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7 7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Ашутасты ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9 9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ашутасты ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ашутасты ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.