О внесении изменения в решение Алгинского районного маслихата от 8 января 2020 года № 336 «Об утверждении бюджета Карагашского сельского округа на 2020-2022 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Алгинского районного маслихата от 8 января 2020 года № 336 «Об утверждении бюджета Карагашского сельского округа на 2020-2022 годы»
- Атауы (қаз.)
- Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 336 «2020-2022 жылдарға арналған Қарағаш ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 413
- Қабылданған күні
- 11.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2020 146498_480928.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CC007425
- ЭКБ идентификаторы
- 146498
- Редакция идентификаторы
- 146498_480928
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:51
0 Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 336
«2020-2022 жылдарға арналған Қарағаш ауылдық округ бюджетін
бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Алға аудандық мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 336 «2020-2022 жылдарға арналған Қарағаш ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 6764 тіркелген, 2020 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
3 тармақ келесі жаңа редакцияда жазылсын:
«3. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төменгі мөлшері – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 651 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 31 183 теңге;
2020 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 778 теңге;
2) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы - 32 668 теңге болып белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.».