О внесении изменений в постановление акимата Созакского района от 8 декабря 2020 года № 408 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Созакского района от 8 декабря 2020 года № 408 «Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 408 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 145
- Қабылданған күні
- 13.05.2021
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2021 155983_597864.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21UL006216
- ЭКБ идентификаторы
- 155983
- Редакция идентификаторы
- 155983_597864
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:09
0 Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» № 408 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, 37-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» №498 бұйрығына сәйкес, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5936 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 11 желтоқсанында жарияланған) №408 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін»;
көрсетілген қаулы қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі тақырыбы өзгермейді:
«Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квоталары».