О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Каиндинского сельского округа от 8 апреля 2020 года № 6 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Каиндинского сельского округа от 8 апреля 2020 года № 6 «Об установлении ограничительных мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алу және Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 6 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 03.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 03.07.2020 144472_469821.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CJE07241
- ЭКБ идентификаторы
- 144472
- Редакция идентификаторы
- 144472_469821
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:41
0 Шектеу іс-шараларын алу және Қайыңды ауылдық округі әкімінің
2020 жылғы 8 сәуірдегі № 6 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы»
шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 23 маусымдағы № 2-15-07/244 ұсынысы негізінде Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қайыңды ауылдық округі Құмқұдық ауылы Ағатай жайлауында орналасқан «Номад-Келбатыр» шаруа қожалығының аумағында түйе малдары арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2
2. Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 6 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7024 болып тіркелген, 2020 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.