О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 октября 2020 года № 644 «Об утверждении положений республиканского государственного учреждения «Комитет санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 октября 2020 года № 644 «Об утверждении положений республиканского государственного учреждения «Комитет санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 55
- Қабылданған күні
- 08.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2021 152882_509747.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21RR000055
- ЭКБ идентификаторы
- 152882
- Редакция идентификаторы
- 152882_509747
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:37
0
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
19-тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңнамаға сәйкес мыналарды:
еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін;
Комитеттің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын;
Министрімен келісім бойынша Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларын;
Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін, Комитеттің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын, Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларын және бірінші басшыларының орынбасарларын іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
3) Комитет қызметкерлерінің, Комитеттің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі аумақтық бөлімшелері басшылары орынбасарларының, Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларының лауазымдық міндеттерін бекітеді;»;
көрсетілген бұйрыққа 2-8, 10-19-қосымшаларда:
19-тармақтың 1) - 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
1) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
3) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды тұлғаның құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) Департаменттің және Департаменттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бекітеді;».
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде:
1
1) оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;