О внесении дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 октября 2020 года № 644 «Об утверждении положений республиканского государственного учреждения «Комитет санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан» и его территориальных подразделений»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 октября 2020 года № 644 «Об утверждении положений республиканского государственного учреждения «Комитет санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан» и его территориальных подразделений»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 481
- Қабылданған күні
- 13.08.2021
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2021 157942_535691.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21RR000481
- ЭКБ идентификаторы
- 157942
- Редакция идентификаторы
- 157942_535691
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:11
0
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 534 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 тамыздағы № 534 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 644 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Бұйрықтың «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» деген 17-қосымшасында:
Департаменттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:
«17. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сауран ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.»;
Ведомстволардың қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы 225-1-тармақпен толықтырылсын:
«225-1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Сауран ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.».
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде:
1
1) оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;