Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 октября 2020 года № 645 «Об утверждении положений республиканского государственного учреждения «Комитет медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан» и его территориальных подразделений»

Бұйрық · № 989 · қабылданған 08.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2020-no-645-ekb-173703/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 октября 2020 года № 645 «Об утверждении положений республиканского государственного учреждения «Комитет медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан» и его территориальных подразделений» Қолданыста Бұйрық ·№ 989 ·08.11.2022
08.11.2022 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 октября 2020 года № 645 «Об утверждении положений республиканского государственного учреждения «Комитет медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан» и его территориальных подразделений»

Қолданыста Бұйрық ·№ 989 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 8 октября 2020 года № 645 «Об утверждении положений республиканского государственного учреждения «Комитет медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан» и его территориальных подразделений»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
989
Қабылданған күні
08.11.2022
Көрсетілген редакция
08.11.2022 173703_601118.kaz
Соңғы өзгеріс
08.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22RR000989
ЭКБ идентификаторы
173703
Редакция идентификаторы
173703_601118
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:08

0

«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 645 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлғаның орналасқан жері - 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты»;
Комитеттің қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесінде:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлғаның орналасқан жері - 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Академик Павлов көшесі, 60».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) медициналық қызметтер (көмек) көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысын бақылау саласында басшылықты және іске асыруды, құзыреті шегінде функцияларын іске асыру және бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Заңды тұлғаның орналасқан жері - 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 13/3.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі».

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде:

1

1) оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша, Астана қаласы бойынша департаменттері осы бұйрық қол қойған күннен бастап бір ай ішінде Абай облысы және Астана қаласы бойынша Әділет департаментіне хабарласын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы