О внесении изменений в решение Коргалжынского районного маслихата от 8 декабря 2021 года № 2/13 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Коргалжынском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Коргалжынского районного маслихата от 8 декабря 2021 года № 2/13 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Коргалжынском районе»
- Атауы (қаз.)
- Қорғалжын аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 2/13 «Қорғалжын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6/5
- Қабылданған күні
- 04.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2024 184132_701930.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BO860603
- ЭКБ идентификаторы
- 184132
- Редакция идентификаторы
- 184132_701930
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:02
0 Қорғалжын аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 2/13 «Қорғалжын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қорғалжын аудандық мәслихатының «Қорғалжын ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 2/13 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25792 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.»;
4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
4
«4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаң бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес алаң нормасы қабылданады.».