О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2021 года № 386 «Некоторые вопросы организации и проведения научной экспертизы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2021 года № 386 «Некоторые вопросы организации и проведения научной экспертизы»
- Атауы (қаз.)
- «Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 739
- Қабылданған күні
- 14.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 13.07.2023 159479_645276.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000739
- ЭКБ идентификаторы
- 159479
- Редакция идентификаторы
- 159479_645276
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:21
0 «Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы
№ 386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 386 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларында:
97-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң жобасын әзірлеуші орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары әрбір парағын дәйектеген және қол қойған қабылданатын заң жобасы қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспортты (қазақ және орыс тілдерінде) (бұдан әрі – паспорт).
Парламент депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларын ғылыми экономикалық сараптамаға жіберген кезде паспорттың әрбір парағын заң жобасын әзірлеуге бастама жасаған Парламент депутаты/депутаттары дәйектейді және қол қояды;»;
көрсетілген Қағидаларға қосымшада:
ғылыми экономикалық сараптамаға ұсыну үшін Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобалары қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспортта:
мына:
«
Әзірлеуші - орындаушының байланыс ақпараты
Т.А.Ә.:
Лауазымы:
Тел.:
Электрондық пошта
мекенжайы:
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Әзірлеуші - орындаушының байланыс ақпараты
Т.А.Ә. (бар болса):
Лауазымы:
Тел.:
Электрондық пошта мекенжайы:
»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Т.А.Ә.___________________________________________________________________
(заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасарының/заң жобасын әзірлеуге бастама жасаған Парламент депутатының/депутаттарының қолы)».