Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 8 июня 2021 года № 399-НҚ «Об утверждении разрешительных требований к экспертам-аудиторам по подтверждению соответствия, перечня документов, подтверждающих соответствие им, а также правил аттестации, продления действия аттестатов экспертов-аудиторов по подтверждению соответствия и оказания государственной услуги «Аттестация эксперта-аудитора по подтверждению соответствия»

Бұйрық · № 405-НҚ · қабылданған 09.12.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2021-no-399/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 8 июня 2021 года № 399-НҚ «Об утверждении разрешительных требований к экспертам-аудиторам по подтверждению соответствия, перечня документов, подтверждающих соответствие им, а также правил аттестации, продления действия аттестатов экспертов-аудиторов по подтверждению соответствия и оказания государственной услуги «Аттестация эксперта-аудитора по подтверждению соответствия» Қолданыста Бұйрық ·№ 405-НҚ ·09.12.2024
09.12.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 8 июня 2021 года № 399-НҚ «Об утверждении разрешительных требований к экспертам-аудиторам по подтверждению соответствия, перечня документов, подтверждающих соответствие им, а также правил аттестации, продления действия аттестатов экспертов-аудиторов по подтверждению соответствия и оказания государственной услуги «Аттестация эксперта-аудитора по подтверждению соответствия»

Қолданыста Бұйрық ·№ 405-НҚ · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 8 июня 2021 года № 399-НҚ «Об утверждении разрешительных требований к экспертам-аудиторам по подтверждению соответствия, перечня документов, подтверждающих соответствие им, а также правил аттестации, продления действия аттестатов экспертов-аудиторов по подтверждению соответствия и оказания государственной услуги «Аттестация эксперта-аудитора по подтверждению соответствия»
Атауы (қаз.)
«Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 399-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу турал
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
405-НҚ
Қабылданған күні
09.12.2024
Көрсетілген редакция
09.12.2024 203873_732429.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035464
ЭКБ идентификаторы
203873
Редакция идентификаторы
203873_732429
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 08:02

0

«Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 399-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 399-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22967 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
10-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«10. «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес келтірілген.»;
17-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;»;
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымшада:
1-тармақта:
бірінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
«1. Өнімнің сәйкестігін растау:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) радиотехникалық, электротехникалық және кабельдік;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«1-1) мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуін пайдалану;»;
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданылуын ұзарту және «Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 7-қосымшада:
тақырып келесі редакцияда жазылсын:
«
«Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар аттестаттарының қолданысын ұзарту
»;
реттік нөмірі 4-жол келесі редакцияда жазылсын:
«
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
»;
реттік нөмірлері 8 және 9-жолдар келесі редакцияда жазылсын:
«
8
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын алу үшін: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; осы бұйрықпен бекітілген сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;
мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өту туралы есептердің (бұдан әрі – есеп) электрондық көшірмелері мынадай мөлшерде: өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (кемінде екі түрлі схема бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп;
менеджмент жүйесі бойынша – тағылымдамалардың жалпы ұзақтығы кемінде жиырма жұмыс күні болатын кемінде төрт есеп (құжаттаманы талдауды, тексерулерге қатысуды және олар туралы есептер жасауды қоса алғанда); персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары; процесс бойынша – мәлімделетін аттестаттау бағытындағы кемінде үш есеп (сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда). Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатының қолданылуын ұзарту үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанында сарапшы-аудитор аттестатының қолданысын ұзартуға беретін жеке тұлғаның мәліметтер нысаны;
осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есептің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
9
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің техникалық реттеу саласындағы заңнаманың, осы Қағидалардың талаптарына, сондай-ақ осы бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі талаптарына сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.
».

2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы