Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 8 июля 2022 года № 133 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Западно-Казахстанской области»

Қаулы · № 202 · қабылданған 21.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2022-no-133/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 8 июля 2022 года № 133 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Западно-Казахстанской области» Қолданыста 21.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 8 июля 2022 года № 133 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Западно-Казахстанской области»

Қолданыста Қаулы № 202 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Западно-Казахстанской области от 8 июля 2022 года № 133 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление государственного архитектурно-строительного контроля Западно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 шілдедегі № 133 «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
202
Қабылданған күні
21.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
01.09.2026
Көрсетілген редакция
21.08.2026 I229455_0.kaz
Соңғы өзгеріс
21.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26Z000202A
ЭКБ идентификаторы
229455
Редакция идентификаторы
I229455_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 18:58
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 шілдедегі № 133 «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 шілдедегі № 133 «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесіне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 14-тармағының 2-тармақшасы мынадай міндеттермен толықтырылсын:
«сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салынып жатырған (салынуы жоспарланған) құрылыс объектілері мен кешендеріне мониторинг жүргізу;»;
«құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау актілерін есепке алуды жүргізу, бұл ретте халықтың мобильділігі шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз етуді міндетті түрде есепке алу;»;
«мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген, құрылыс объектілеріндегі сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ден қою шараларын қолдану;»;
«Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік нормативтік құжаттарды, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында белгіленген шарттар мен шектеулерді бұзғаны және олардан ауытқығаны үшін бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау.».
2) 15-тармағы 1-тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес тексеру нысанында және өзге де нысандарда сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыру;» деген сөздер
«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Қазақстан Республикасындағы Құрылыс кодексіне сәйкес тексеру нысанында және өзге де нысандарда сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15-тармағы келесідей мазмұндағы 9-тармақшамен толықтырылсын:
«9) құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау сатысына қатысу.».
4) 18-тармағы келесідей мазмұндағы 12-тармақшамен толықтырылсын:
«12) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазалар қолданады.».

2. «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшелік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.