О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 8 февраля 2022 года № А-2/60 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по Акмолинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 8 февраля 2022 года № А-2/60 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по Акмолинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-2/68
- Қабылданған күні
- 01.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 01.03.2023 178917_621096.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23B0851603
- ЭКБ идентификаторы
- 178917
- Редакция идентификаторы
- 178917_621096
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:17
0 «Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы №А-2/60 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26811 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
0 Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Ақмола облысы әкімдігінің
2023 жылғы 1 наурыздағы
№ А-2/68 қаулысына
қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 8 ақпандағы
№ А-2/60 қаулысымен
бекітілген
Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Елді мекен
Тәрбиеленушілер саны
Мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
болу режимі 10,5 сағаттық топта
болу режимі 9 сағаттық топта
санаторлы топта
түзету түріндегі топта
жарты күн болатын топта
Қала
17615
46 189 теңге
42 674 теңге
68 404 теңге
81 864 теңге
20 202 теңге
Ауыл
17426
50 933 теңге
46 891 теңге
76 311 теңге
91 748 теңге
22 310 теңге
Педагогтардың педагогикалық шеберлігінің біліктілігі болған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша сенімгерлік басқаруға берілген мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі топтардың түрлері және бір оқушыға шаққандағы шығындардың орташа құны (теңге)
болу режимі 10,5 сағаттық топта
санаторлы топта
түзету түріндегі топта
Қала
1453
48 450 теңге
68 404 теңге
81 864 теңге
Ауыл
137
53 759 теңге
76 311 теңге
91 748 теңге
Бір тәрбиеленушіге айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)
3 жасқа дейін
3 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін
жарты күн болатын топта
12 450,23 теңге
15 529,32 теңге
7 764,66 теңге