О внесении изменения в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 «Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи»
- Атауы (қаз.)
- «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 97
- Қабылданған күні
- 13.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 13.03.2024 194337_688929.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034149
- ЭКБ идентификаторы
- 194337
- Редакция идентификаторы
- 194337_688929
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:38
0 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;».
2 2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновация және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі