Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 8 июня 2023 года № 210 «Об утверждении Правил аттестации социальных работников в сфере социальной защиты населения»

Бұйрық · № 403 · қабылданған 21.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2023-no-210/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 8 июня 2023 года № 210 «Об утверждении Правил аттестации социальных работников в сфере социальной защиты населения» Қолданыста Бұйрық ·№ 403 ·21.10.2024
21.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 8 июня 2023 года № 210 «Об утверждении Правил аттестации социальных работников в сфере социальной защиты населения»

Қолданыста Бұйрық ·№ 403 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 8 июня 2023 года № 210 «Об утверждении Правил аттестации социальных работников в сфере социальной защиты населения»
Атауы (қаз.)
«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 210 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
403
Қабылданған күні
21.10.2024
Көрсетілген редакция
21.10.2024 201915_725980.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400035282
ЭКБ идентификаторы
201915
Редакция идентификаторы
201915_725980
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:07

0 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 210 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аттестаттау мыналарды қамтиды:
1) әңгімелесуден өту;
2) аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімін шығару.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Аттестаттауға келген кезде әлеуметтік қызметкер «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіптік біліктілікті тану туралы құжатты және өзінің жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлікті ұсынады.
Аттестаттау комиссиясы аттестаттаудан өту алдында әлеуметтік қызметкерді аттестаттау кезеңдерін өткізу тәртібі және олардың ұзақтығы туралы хабардар етеді.
Әлеуметтік қызметкер өз таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде аттестаттаудан өтеді.
Аттестаттауды өткізу кезінде әлеуметтік қызметкердің анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де жеткізгіштерде, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдалануына жол берілмейді.
Мұндай құрылғылар әңгімелесуден өту кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда аттестаттау комиссиясы әлеуметтік қызметкерді аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.
Әлеуметтік қызметкер аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелдi себептер бойынша (еңбекке уақытша қабiлетсiздiк кезеңiнде, демалыста болған кезеңiнде, кәмелетке толмаған балалардың сырқаты кезiнде, жақын туысы қайтыс болған кезде, іссапарда жүргенде) келе алмаған жағдайды қоспағанда, келмеген жағдайда, ол аттестатталмаған болып есептеледi.
Әлеуметтік қызметкер дәлелді себеппен аттестаттау комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, оны аттестаттау мәселесін қарау ол жұмысқа шыққан күннен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімге ауыстырылады.»;
8-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 1-тармағына сәйкес кәсіптік біліктілікті тану туралы құжат.».
2 - параграф алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрілігі

Қолданыстағы