О внесении изменений в решение Приозерского городского маслихата от 8 июня 2023 года № 5/38 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Приозерск»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Приозерского городского маслихата от 8 июня 2023 года № 5/38 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в городе Приозерск»
- Атауы (қаз.)
- Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 маусымдағы № 5/38 «Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23/173
- Қабылданған күні
- 03.12.2024
- Көрсетілген редакция
- 03.12.2024 203747_731984.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24KR668709
- ЭКБ идентификаторы
- 203747
- Редакция идентификаторы
- 203747_731984
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:12
0 Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 маусымдағы № 5/38 «Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 маусымдағы № 5/38 «Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6429-09 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерінде 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы шығындарды өтеу Қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Оқу шығындарын өтеу қаржыландырудың түсуіне қарай өткен айға жүргізіледі. Оқуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуына, мүгедектік мерзімінің аяқталуына, мүгедектігі бар баланы мемлекеттік мекемелерде оқыту кезеңінде, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуына, Приозерск қаласының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға көшу) әкеп соққан мән-жайлар туындаған кезде төлем келесі айдан бастап тоқтатылады.».
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
« 6. Оқу шығындарын өтеу мөлшері мүгедектігі бар әрбір балаға тоқсанына жеті айлық есептік көрсеткішке тең.».