О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 8 августа 2023 года № 565 «Об утверждении Правил ведения и использования национальной информационной системы промышленности Республики Казахстан и Перечня функциональных и информационных сервисов, входящих в национальную информационную систему промышленности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 8 августа 2023 года № 565 «Об утверждении Правил ведения и использования национальной информационной системы промышленности Республики Казахстан и Перечня функциональных и информационных сервисов, входящих в национальную информационную систему промышленности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 8 тамыздағы № 565 бұйрығы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 434
- Қабылданған күні
- 31.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2026 I229640_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039785
- ЭКБ идентификаторы
- 229640
- Редакция идентификаторы
- I229640_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.09.2026 03:32
0
«Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 8 тамыздағы № 565 бұйрығы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 8 тамыздағы № 565 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33261 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 64) және 65) тармақшаларына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесі – өнеркәсіптің даму жай-күйі туралы ақпаратты көздейтін цифрлық жүйе (бұдан әрі – жүйе);
4) Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесінің объектісі – Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін ақпарат, ақпаратты өңдеу процестері, цифрлық ресурстар, функционалдық және цифрлық сервистер;»;
4-тармақтың 5) және 6) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«5) жүйемен интеграциялануға жататын цифрлық ресурстардың тізбесін қалыптастыру;
6) Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын цифрлық жүйелерді құру және дамыту тәртібін сақтау есебінен қамтамасыз етіледі.»;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Жүйені пайдалану жүйені пайдаланушыларға функционалдық және цифрлық сервистерге қолжетімділік беруді көздейді.»;
12-тармақтың 6) тармақшасын жаңа редакцияда жазылсын:
«6) жүйеге кіретін функционалдық және цифрлық сервистердің тізбесіне сәйкес өзге де ақпаратты қамтиды.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және ақпараттық сервистердің тізбесінде:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің ұлттық ақпараттық жүйесіне кіретін функционалдық және цифрлық сервистердің тізбесі».