О внесении изменении в решение Жамбылского районного маслихата от 8 апреля 2024 года № 16-82«Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жамбылском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении в решение Жамбылского районного маслихата от 8 апреля 2024 года № 16-82«Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жамбылском районе»
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл аудандық мәслихатының «Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 16-82 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 22-115
- Қабылданған күні
- 11.09.2024
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2024 I200653_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24DG616205
- ЭКБ идентификаторы
- 200653
- Редакция идентификаторы
- I200653_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:42
0 Жамбыл аудандық мәслихатының «Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 16-82 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Жамбыл аудандық мәслихатының «Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 16-82 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6107-05 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 9-тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 2-қосымшасының 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүгінеді.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында 11-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.».