Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в Совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 октября 2024 года № 359, Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 8 октября 2024 года № 855/қе-қа, Министра финансов Республики Казахстан от 8 октября 2024 года № 680, Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 октября 2024 № 747 «О некоторых вопросах вывоза нефтепродуктов с территории Республики Казахстан»

Бұйрық · № 36-н/қ · қабылданған 23.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2024-no-359-8-2024-no-855-8-2024-no-680-8-2024-no-747-ekb-206775/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в Совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 октября 2024 года № 359, Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 8 октября 2024 года № 855/қе-қа, Министра финансов Республики Казахстан от 8 октября 2024 года № 680, Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 октября 2024 № 747 «О некоторых вопросах вывоза нефтепродуктов с территории Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 36-н/қ ·23.01.2025
23.01.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в Совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 октября 2024 года № 359, Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 8 октября 2024 года № 855/қе-қа, Министра финансов Республики Казахстан от 8 октября 2024 года № 680, Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 октября 2024 № 747 «О некоторых вопросах вывоза нефтепродуктов с территории Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 36-н/қ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в Совместный приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 октября 2024 года № 359, Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 8 октября 2024 года № 855/қе-қа, Министра финансов Республики Казахстан от 8 октября 2024 года № 680, Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 октября 2024 № 747 «О некоторых вопросах вывоза нефтепродуктов с территории Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 359, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2024 жылғы 8 қазандағы № 855/қе-қа, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 680 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 747 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
36-н/қ
Қабылданған күні
23.01.2025
Көрсетілген редакция
23.01.2025 206775_741768.kaz
Соңғы өзгеріс
23.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035668
ЭКБ идентификаторы
206775
Редакция идентификаторы
206775_741768
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:18

0

«Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 359, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2024 жылғы 8 қазандағы № 855/қе-қа, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы
№ 680 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 747 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ:

1

1. «Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 359, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2024 жылғы 8 қазандағы № 855/қе-қа, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 680, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 747 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35232 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге:
1) майлау майларын (2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) қоспағанда, дайындаушы зауытта көзделген автомобиль көлік құралдарының бензин бактарында, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісілген және жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін қажетті авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) саны мен көлемі көрсетілген хат болған жағдайда авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, өнеркәсіптік өндіру технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан алынған үлгілердің қоспаларын, біліктілік және зертханалық сынақтарын іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек шеңберінде әкетілетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуді қоспағанда, автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00 ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары) 2024 жылғы 29 кыркүйектен бастап, 2025 жылғы 29 наурызға дейінгі кезеңге;
2) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілетін жеткізу, сондай-ақ табиғи зілзалалардың, авариялардың немесе апаттардың салдарын жою мақсатында көрсетілетін гуманитарлық көмек және (немесе) көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкету жоспарларына сәйкес, бензин әкетуді қоспағанда (ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 12 450 0, 2710 12 490 0, 2710 12 412 0, 2710 12 413 0), ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 12 кодтары бар мұнай өнімдерінің темір жол көлігімен 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап, 2025 жылғы 29 наурызға дейінгі кезеңге әкетуге тыйым салу енгізілсін.».

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

3 3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тауарларды автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген стандарттарға сәйкес келмейтін бензин бактарында әкету жағдайларына жол бермеу бойынша көмек көрсетсін.

4

4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны белгіленген тәртіппен хабардар ету қажеттілігі жөнінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне хабарласын.

5 5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

6

6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика, қаржы, ішкі істер вице-министрлеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

7 7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы