Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата района Үлкен Нарын от 8 января 2024 года №1/6-VIII «Об утверждении положения государственного учреждения «Аппарат маслихата района Үлкен Нарын»

Ереже · № 26/264-VIII · қабылданған 31.07.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2024-no16-viii/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата района Үлкен Нарын от 8 января 2024 года №1/6-VIII «Об утверждении положения государственного учреждения «Аппарат маслихата района Үлкен Нарын» Қолданыста 31.07.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения в решение маслихата района Үлкен Нарын от 8 января 2024 года №1/6-VIII «Об утверждении положения государственного учреждения «Аппарат маслихата района Үлкен Нарын»

Қолданыста Ереже № 26/264-VIII 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата района Үлкен Нарын от 8 января 2024 года №1/6-VIII «Об утверждении положения государственного учреждения «Аппарат маслихата района Үлкен Нарын»
Атауы (қаз.)
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 1/6–VІІI «Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
26/264-VIII
Қабылданған күні
31.07.2026
Көрсетілген редакция
31.07.2026 I228712_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26VU26264M
ЭКБ идентификаторы
228712
Редакция идентификаторы
I228712_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
14.08.2026 03:34
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы

№ 1/6–VІІI «Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Үлкен Нарын ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 1/6–VIІI шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

осы шешімімен бекітілген «Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 3-тарауы жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік органды басқару
17. Мәслихат төрағасы:
1) мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
18. Мәслихат аппаратын жалпы басқаруды Үлкен Нарын ауданы мәслихатының аппарат басшысы жүзеге асырады.
19. Мәслихат аппаратының басшысы:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».

2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.