Об оказании социальной помощи к 80-летию Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании социальной помощи к 80-летию Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов
- Атауы (қаз.)
- 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығына орай әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 293
- Қабылданған күні
- 30.05.2025
- Көрсетілген редакция
- 30.05.2025 211482_762447.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.05.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25CA00293M
- ЭКБ идентификаторы
- 211482
- Редакция идентификаторы
- 211482_762447
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 04:07
0 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80-жылдығына орай әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 33-бабы 1-тармағының 5) тармақашасына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне олардың жерленген жерлеріне жол жүру шығындарын өтеу (бұдан әрі –шығандарды өтеу) түрінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2 2. Шығындарды өтеу «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен (бұдан әрі – Әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) көрсетіледі.
3
3. Шығындарды өтеу Ақтөбе қаласының азаматтарына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Еуроодақ елдері бойынша – темір жол көлігіне сатып алынған билеттердің құнына (екі жаққа) тең сомада, бірақ купе вагоны билетінің құнынан аспайтын мөлшерде, ал қажет болған жағдайда теміржол станциясынан межелі пунктіне дейін – облысішілік қатынастағы жолаушылар автобусына жүргізіледі.