О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 октября ҚР ДСМ 122/ 2020 «Об утверждении Правил проведения искусственного прерывания беременности и перечня медицинских и социальных показаний, а также противопоказаний для проведения искусственного прерывания беременности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 октября ҚР ДСМ 122/ 2020 «Об утверждении Правил проведения искусственного прерывания беременности и перечня медицинских и социальных показаний, а также противопоказаний для проведения искусственного прерывания беременности»
- Атауы (қаз.)
- «Жүктілікті жасанды үзуді жасаудың тәртібін, медициналық және әлеуметтік көрсетілімдерінің, сондай-ақ жүктілікті жасанды үзуді жасауға қарсы көрсетілімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-122/2020 бұйрығына бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- ҚР ДСМ-113
- Қабылданған күні
- 13.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 13.10.2022 172866_596435.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200030160
- ЭКБ идентификаторы
- 172866
- Редакция идентификаторы
- 172866_596435
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:29
0
«Жүктілікті жасанды үзуді жасаудың тәртібін, медициналық және әлеуметтік көрсетілімдерінің, сондай-ақ жүктілікті жасанды үзуді жасауға қарсы көрсетілімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-122/2020 бұйрығына бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1
«Жүктілікті жасанды үзуді жасаудың тәртібін, медициналық және әлеуметтік көрсетілімдерінің, сондай-ақ жүктілікті жасанды үзуді жасауға қарсы көрсетілімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-122/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 21412 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүктілікті жасанды үзуді жасау қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жүктілікті жасанды үзуге әлеуметтік көрсетілімдер болған кезде, мынадай растайтын құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде дәрігерлік – консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы беріледі:
1) электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште жұбайының (зайыбының) қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның көшірмесі;
2) әйелді немесе оның жұбайын (зайыбын) бас бостандығынан айыру туралы сот шешімі;
3) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
4) ата-ана құқығынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімі;
5) зорлау фактісі болғаны туралы сот-медициналық сараптаманың қорытындысы;
6) босқындар және мәжбүрлі қоныс аударушылар туралы куәлік;
7) мүгедек (сәби және (немесе) баласының) туралы анықтама;
8) электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште некені бұзу туралы куәлік;
9) көп балалы аналар (4 және оданда көп бала): барлық балаларының туу туралы куәлігінің көшірмесі;
10) кәмілетке толмағандар болса – электрондық нысанда немесе қағаз жеткізгіште туу туралы куәлік.».
1 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Респуликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.