Құжат мәтініне өту

О ратификации Протокола о внесении изменения в Договор между Республикой Казахстан и Литовской Республикой о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 9 августа 1994 года

Заң · № 69-VIII · қабылданған 01.04.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-1994-ekb-195171/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О ратификации Протокола о внесении изменения в Договор между Республикой Казахстан и Литовской Республикой о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 9 августа 1994 года Қолданыста Заң ·№ 69-VIII ·01.04.2024
01.04.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О ратификации Протокола о внесении изменения в Договор между Республикой Казахстан и Литовской Республикой о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 9 августа 1994 года

Қолданыста Заң ·№ 69-VIII · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О ратификации Протокола о внесении изменения в Договор между Республикой Казахстан и Литовской Республикой о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 9 августа 1994 года
Атауы (қаз.)
1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
69-VIII
Қабылданған күні
01.04.2024
Көрсетілген редакция
01.04.2024 195171_697702.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z2400000069
ЭКБ идентификаторы
195171
Редакция идентификаторы
195171_697702
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 12:13

0 1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы 2022 жылы 31 тамызда Вильнюсте жасалған хаттама ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса
тіркелген халықаралық Хаттаманың мәтіні ресми
болып табылмайды. ҚР халықаралық Хаттамасының
жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін
ҚР халықаралық Хаттамаларын тіркеуге, есептеуге
және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер
министрлігінен алуға болады
1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва
Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және
қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық
қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы
ХАТТАМА
Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы (бұдан әрі "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын)
1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шарттың 79-бабына сәйкес, 1997 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа Хаттаманы (бұдан әрі - Шарт) ескере отырып,
Шартқа мынадай өзгеріс енгізуге келісті:

1 1-бап

Шарттың 4-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бап
Байланысу тәртібі
Құқықтық көмек көрсету кезінде Уағдаласушы Тараптардың мекемелері бірі-бірімен орталық органдары арқылы байланысады. Уағдаласушы Тараптар тағайындалған орталық органдары, олардың функциялары мен байланыс деректері туралы бірі-біріне дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.".

2 2-бап

Осы Хаттама Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және қажетті мемлекетшілік рәсімдерді Уағдаласушы Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
Осы Хаттама Шарттың қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде қолданысын тоқтатады.
2022 жылғы "31" тамызда Вильнюста әрқайсысы қазақ және литва тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің күші бірдей.
Әрбір Уағдаласушы Тарапта осы Хаттаманың данасымен бірге мәтіннің орыс тіліндегі ресми аудармасы қалады. Осы Хаттама мәтінінің мазмұны бойынша келіспеушіліктер туындаған жағдайларда, Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.
Қазақстан Республикасы үшін
Литва Республикасы үшін

Қолданыстағы