Құжат мәтініне өту

Об определении компетентных органов по реализации Договора между Республикой Казахстан и Литовской Республикой о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 9 августа 1994 года

Жарлық · № 559 · қабылданған 27.05.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-1994/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об определении компетентных органов по реализации Договора между Республикой Казахстан и Литовской Республикой о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 9 августа 1994 года Қолданыста Жарлық ·№ 559 ·27.05.2024
27.05.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении компетентных органов по реализации Договора между Республикой Казахстан и Литовской Республикой о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 9 августа 1994 года

Қолданыста Жарлық ·№ 559 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении компетентных органов по реализации Договора между Республикой Казахстан и Литовской Республикой о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским, семейным и уголовным делам от 9 августа 1994 года
Атауы (қаз.)
1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартты іске асыру бойынша құзыретті органдарды айқындау туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
559
Қабылданған күні
27.05.2024
Көрсетілген редакция
27.05.2024 197148_710594.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2400000559
ЭКБ идентификаторы
197148
Редакция идентификаторы
197148_710594
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:21

0 Қазақстан Республикасының

Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартты іске асыру бойынша құзыретті органдарды айқындау туралы
1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Шарттың ережелерін іске асыру бойынша құзыретті органдар болып:

соттар беретін өтініштер (тапсырмалар), азаматтық істер бойынша сот актілерін тану және орындау туралы өтінішхаттар, сондай-ақ талап қоюларды қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;
қылмыстық істер бойынша процестік әрекеттерді орындау; қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге байланысты процестік құжаттарды жіберу және тапсыру, сондай-ақ сот процесінің нәтижелері туралы ақпарат беру; заттай дәлелдемелерді, құжаттарды, қылмыстық жолмен алынған құндылықтарды беру; іс материалдарын жіберу; сұрау салушы тарапқа адамдардың сотталғандығы туралы мәліметтер беру; оларды іздестіру және сәйкестендіру; прокурордың және тергеу судьясының (соттың) санкциясын талап ететін жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу; қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе үкімді орындау үшін қылмыс жасаған адамдарды беру; қылмыстық қудалауды қозғау және жүзеге асыру; күдіктілерден, айыпталушылардан, сотталушылардан, куәгерлерден, жәбірленушілерден, сарапшылардан жауап алу; қылмыстық істер бойынша соттардың үкімдерін (шешімдерін) тану және орындау туралы өтінішхаттар, сондай-ақ прокуратура органдарының құзыретіне жататын құжаттар бөлігінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды тіркеу; азаматтық хал актілерін тіркеу; әділет органдары мен мекемелері, нотариустар, адвокаттар және сот орындаушылары беретін өтініштер (тапсырмалар) бөлігінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындалсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Литва Республикасын Шарттың ережелерін іске асыру бойынша тағайындалған құзыретті органдар, олардың функциялары және байланыс деректері туралы хабардар етсін.

3 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы