Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 9 апреля 1996 года N 2940

Жарлық · № 1361 · қабылданған 06.05.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-1996-n-2940/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 9 апреля 1996 года N 2940 Күшін жойған Жарлық ·№ 1361 ·06.05.2004
12.08.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 9 апреля 1996 года N 2940

Күшін жойған Жарлық ·№ 1361 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 9 апреля 1996 года N 2940
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінiң 1996 жылғы 9 сәуірдегі N 2940 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1361
Қабылданған күні
06.05.2004
Көрсетілген редакция
12.08.2010 AI19658_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U040001361_
ЭКБ идентификаторы
19658
Редакция идентификаторы
AI19658_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:08

0 Қазақстан Республикасы Президентінiң 1996 жылғы 9 сәуірдегі N 2940 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қаулы етемін:

1

1. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды iске асыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 9 сәуiрдегi N 2940 Жарлығына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 14, 109-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
кiрiспедегi "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен уағдаластықтарын" деген сөздерден кейiн, тақырыптағы және 1 мен 2-тармақтардағы "уағдаластықтарды" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
1 және 2-тармақтардағы "iске асырудың тәртiбi жөнiндегi Еpeжe" деген сөздер "iске асыру ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын, "Ережеде белгiленген" деген сөздер өзгерiссiз қалдырылсын;
2 және 3-тармақтардағы ", мемлекеттiк комитеттерi" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ "мемлекеттiк органдар" деген сөзден кейiн "және бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгінің тең төрағалары" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ "мемлекеттiк органдардың басшылары" деген сөздерден кейiн "және бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағалары" деген сөздермен толықтырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды iске асыру тәртiбi туралы ережеде:
тақырыпта және 1-тармақта:
"тәртiбi туралы Ереже" деген сөздер "ережесi" деген сөзбен ауыстырылсын, "Осы Ереже" деген сөздер өзгерiссiз қалдырылсын;
"уағдаластықтарды" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешiмдерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. "Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері" (бұдан әрі - халықаралық ұйымдардың шешімдері) деген ұғыммен халықаралық ұйымдар органдарының олардың жарғылық құжаттарында көзделген тәртiппен қабылдаған шешiмдерi түсiндiрiледі";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Шарттарда және уағдаластықтарда, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiнде айқындалған мәселелер өздерінің құзiретіне енетін Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен өзге де орталық атқарушы органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының органдары) және бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгiнiң тең төрағалары аталған шарттар мен қол жеткiзiлген уағдаластықтар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерi бойынша Қазақстан тарапы қабылдаған мiндеттемелердiң орындалуын тiкелей қамтамасыз етедi. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының органдары белгiленген уағдаластықтар, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерi бар шарттың немесе құжаттың мәтiнiн алғаннан кейiн екi апта мерзiмде солар бойынша қабылданған мiндеттемелердi орындау жөнiнде нақты iс-шаралар әзiрлейдi және оларды iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне ұсыныстар енгiзедi.
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының мүдделi органдарының ұсыныстарын қорытындылауды қамтамасыз етедi, екi апта мерзiмде нақты мерзiмдер мен тiкелей орындаушыларды көрсете отырып, жасалған шарттарды, қол жеткiзiлген уағдаластықтарды, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiн iске асыру жөнiндегi iс шаралар жоспарын бекiту туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi өкiмiнiң жобасын әзiрлейдi және оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне енгiзедi";
6-тармақ алынып тасталсын;
7-тармақтағы "Yкiметiнiң қаулысымен" деген сөздер "Премьер-Министрiнiң өкiмiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
8, 10, 11, 12-тармақтардағы "қол жеткен уағдаластықтарды", "уағдаластықтарды", "қол жеткен уағдаластықтардың", "қол жеткен уағдаластықтарын" деген сөздерден кейiн тиiсiнше ", сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiн", ", сондай-ақ халықаралық ұйымдардың шешiмдерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың қазақстандық бөлiгi өз жұмысында "Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердiң) қазақстандық бөлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 желтоқсандағы N 1304 қаулысымен бекiтiлген Шет елдермен ынтымақтастық жөнiндегi бiрлескен үкiметаралық комиссиялардың (комитеттердiң, кеңестердiң) қазақстандық бөлiгi туралы ереженi басшылыққа алады".

2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы