Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 марта 1998 года N 186

Қаулы · № 1647 · қабылданған 01.11.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-1998-n-186/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 марта 1998 года N 186 Қолданыста 01.11.2000 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 марта 1998 года N 186

Қолданыста Қаулы № 1647 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 марта 1998 года N 186
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы N 186 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1647
Қабылданған күні
01.11.2000
Көрсетілген редакция
01.11.2000 AI7264_0.kaz
Соңғы өзгеріс
01.11.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000001647_
ЭКБ идентификаторы
7264
Редакция идентификаторы
AI7264_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:12
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы N 186 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы N 395 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң мемлекеттiк 2000-2001 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. "Бақылауға жататын есiрткiлiк заттар, психотроптық құралдар

және прекурсорлар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы
9 наурыздағы N 186
қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi құралдары,
психотроптық заттар және прекурсорлар туралы";
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын есiрткi құралдарының,
психотроптық заттардың және прекурсорлардың шағын мөлшерiн қамтитын көп
компоненттi дәрi-дәрмек препараттарының тiзiмi (3-қосымша).";
қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшадағы:
І-кестеде:
А бөлiмiнде:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"8-1. АЦЕТИЛДЕНДIРIЛГЕН АПИЫН
Апиынды ацетилдендiру жолымен алынатын, құрамында есiрткiлік белсендi алкалоидтар, оның iшiнде морфин, кодеин, тебаин бар өнiм және оларды ацетилдендiру өнiмдерi: әртүрлi қатынастардағы ацетилкодеин, моноацетилморфин, диацетилморфин";
37-тармақ "кокаин гидрохлоридiнен басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. КӨКНӘР САБАҒЫ (POPPY STRAW)
Тұқымдары мен тамырларын қоспағанда, құрамында есiрткiлiк белсендi алкалоидтар (морфин, кодеин, тебаин) бар кез келген тәсілмен жиналған Ұйықтататын көкнәр түрiндегi өсiмдiктердiң кез келген түрi мен сортындағы өсімдiктiң барлық бөлiгi";
мынадай мазмұндағы 42-1 және 42-2-тармақтарымен толықтырылсын:
"42-1. 0-3-МОНОАЦЕТИЛМОРФИН
(3-МоnоасеtуIмоrрhinе, 3-0-Асеtуlмоrрhiпе) - ацетилдендiрiлген
апиынды құрайтын негізгiнiң бiрi ретiнде жиi кездесетiн морфиндi толық
ацетилдендірмеу өнiмi;
42-2. 0-6-МОНОАЦЕТИЛМОРФИН
(6-МоnоасеtуIмоrрhinе, 6-0-Асеtуlмоrрhiпе) - ацетилдендiрiлген
апиынды құрайтын негізгінiң бiрi ретiнде жиi кездесетiн морфиндi толық
ацетилдендiрмеу өнiмi";
60-тармақ "тетрагидроканнабинолдан тұратын" деген сөздермен
толықтырылсын;
72-тармақ алынып тасталсын;
В бөлiмiнде 37 және 38-тармақтар алынып тасталсын;
II-кестедегi:
А бөлiмiндегі:
17-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 55-1-тармақпен толықтырылсын:
"55-1. ЭКСТРАКЦИЯЛЫҚ АПИЫН
Құрамында апиынды алкалоидтар, оның iшiнде есiрткiсi күшті морфин, кодеин, тебаин бар Ұйықтататын көкнәр түрiндегi апиын шикiзатынан немесе сабағынан әртүрлi ерiткiштермен ажыратып алу жолымен алынатын өнiм";
III-кестедегi:
В бөлiмiнде:
екiншi абзацта:
"(құрамында кемiнде 0,01 г. тұратын белсендi зат бар)" деген сөздер
"сондай-ақ өндiрiлетiн бензодиазепин және барбитур қышқылынан тұратын көп
компоненттi дәрілік препараттар, тиiстi бiр дозадағы бiр тамшы мөлшердегi
кемiнде 0,01 г. бiр терапевтiк дозадағы - таблеткадағы, ампуладағы
белсенді заттар" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшiне енедi.

3 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2000 жылғы 1 қарашадағы
N 1647 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 9 наурыздағы
N 186 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасында бақылауға жатпайтын құрамында есірткі,
психотроптық заттар мен прекурсорлардың мөлшері шағын көп
компонентті дәрілік препараттардың
Тізімі
_________________________________________________________________________
р/с ! Дәрілік препараттың ! Бір ! Бір дозадағы ! Бір дозадағы эфедрин
N ! атауы !дозадағы ! фенобарбитал ! мөлшері
! ! кодеин ! мөлшері !
! ! фосфат ! !
! ! мөлшері ! !
_________________________________________________________________________
1 "Андипал" N 10 0,02
_________________________________________________________________________
2 "Беллатаминал" N 10 0,02
("Белласпон" N 10)
_________________________________________________________________________
3 "Бронхолитин" 125 мл 0,01 - бір мәрте
(10 терапиялы доза) қабылдау дозасы - 0,01
_________________________________________________________________________
4 "Валокордин" 20 мл, 20 тамшыда -
50 мл (тиісінше: 50 0,007
және 125 терапиялық мөлшері
доза) 0,4
1,0
_________________________________________________________________________
5 "Диафеин" 0,02
_________________________________________________________________________
6 "Корвалол" 20 мл, 20 тамшыда
(50 терапиялық доза) -
0,007
мөлшері
0,36
_________________________________________________________________________
7 "Панадеин" N 10 0,025
8 "Пенталгин" N 10 0,01 0,01
9 "Пираминал" 0,02
10 "Седалгин" N 10 0,01 0,025
11 "Солпадеин" N 10 0,008
12 "Спазмовералгин" N 10 0,015 0,02 0,005
13 "Тетралгин" N 10 0,01
14 "Эфатин" аэрозолы 0,05