Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 1998 года N 651

Қаулы · № 1075 · қабылданған 16.08.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-1998-n-651/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 1998 года N 651 Күшін жойған Қаулы ·№ 1075 ·16.08.2001
19.09.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 1998 года N 651

Күшін жойған Қаулы ·№ 1075 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 1998 года N 651
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 651 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1075
Қабылданған күні
16.08.2001
Көрсетілген редакция
19.09.2009 AI9748_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010001075_
ЭКБ идентификаторы
9748
Редакция идентификаторы
AI9748_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:36

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 651 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы

📌 Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
"Бәсеке және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына және "Жергілiктi қаржы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 6 шiлдедегi N 934 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1 1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуірдегі N 3928 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 22, 190-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк органдардың ақылы қызметтер көрсетуiнiң тәртiбiнде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтер бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар) жүргiзетiн Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлуге тиiс.";
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ұсынылатын қызметтердiң монополияға қарсы органдар бекiткен, тиiсiнше Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарымен келiсiлген бағалары;";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Мемлекеттiк органдардың қызмет көрсетулерi үшiн ақы белгiлеу мен оның мөлшерiн айқындаудың тәртiбiнде:
мәтiндегi "уәкілеттi органдарға", "уәкілеттi органдар", "уәкiлеттi органдардың", "уәкiлеттi органның" деген сөздер "монополияға қарсы органдарға", "монополияға қарсы органдар", "монополияға қарсы органдардың", "монополияға қарсы органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтер бағаларын бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе оның тапсыруы бойынша, оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар) бекiтедi және тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және жергіліктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарымен келiсiледi.
3. Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтер монополияға қарсы органдар жүргізетiн, Мемлекеттiк органдар көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзiлуге тиiс.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Ақылы қызметтер көрсету бағаларына енгiзілетiн еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды есептеу кезiнде қызметкерлердiң нақты, бiрақ нормативтен аспауға тиiс саны ескерiледi.
Мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтерге қызметкерлердiң нормативтiк саны мен еңбек шығынының (уақыт, еңбек сыйымдылығы) нормативтерi, тиiсiнше, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiмен және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органдарымен келiсiледi.";
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдар қызмет көрсететiн ақылы қызметтердiң мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзудiң тәртiбiнде:
мәтіндегі "уәкілетті органдарға", "уәкілетті орган" деген сөздер "монополияға қарсы органдарға", "монополияға қарсы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тiркелiмдi бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - монополияға қарсы органдар), тиiсiнше, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қаржы органдарының келiсiмi бойынша қалыптастырады және бекiтедi.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тiркелiм республикалық және жергiлiктi бөлiмдердi қамтиды. Тiркелiмнiң республикалық бөлiмi бәсекелестiктi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен, Тiркелiмнiң жергiлiктi бөлiмдерi - оның аумақтық бөлiмшелерiнiң бұйрықтарымен бекiтіледi.".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы