Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 июля 2001 года № 548 "Об утверждении Правил приема в высшие учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан"

Бұйрық · № 411 · қабылданған 10.06.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2001-no-548-ekb-12667/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 июля 2001 года № 548 "Об утверждении Правил приема в высшие учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 411 ·10.06.2002
11.05.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 июля 2001 года № 548 "Об утверждении Правил приема в высшие учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 411 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 июля 2001 года № 548 "Об утверждении Правил приема в высшие учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2001 жылғы 9 шiлдедегi N 548 бұйрығына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
411
Қабылданған күні
10.06.2002
Көрсетілген редакция
11.05.2010 AI12667_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V020001916_
ЭКБ идентификаторы
12667
Редакция идентификаторы
AI12667_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:59

0 "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2001 жылғы 9 шiлдедегi N 548 бұйрығына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы

Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010.05.11 N 204 Бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 25 наурыздағы N 247 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N 394 бұйрығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң жоғары оқу орындарына қабылдауды ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2001 жылғы 9 шiлдедегi N 548 V011577_ бұйрығына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерiнде:

4 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

4

"4. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен келiсiлген мерзiмдерде медициналық, дене бiтiмi және психологиялық көрсетулерi бойынша талапкерлердi iрiктеудi жүзеге асырады. Медициналық, дене бiтiмi және психологиялық көрсетулерi бойынша iрiктеуден өтпеген және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiне 3-қосымша бойынша арыздарында екiншi және үшiншi мамандықтарды көрсеткен талапкерлер, мемлекеттiк сертификат алу үшiн өз ерiктерi бойынша кешендi тестiлеуге жiберiлуi мүмкiн. Кешендi тестiлеу, жоғары оқу орындарының тыңдаушылары қатарына қабылдау Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың типтiк ережелерiнде белгiленген мерзiмдерде жүргiзiледi, олар Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiмен келiсу арқылы ғана өзгертiлуi мүмкiн.".

7 7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"290000 "Әскери техника және технология" даярлау бағытындағы мамандықтар бойынша: iшкi әскерлердiң командалық-тактикалық, тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстың командалық-тактикалық, автомобильдiк әскерлердiң командалық-тактикалық, байланыс әскерлерiнiң командалық-тактикалық, әскерлердi инженерлiк-техникалық қамтамасыз етудiң командалық-тактикалық, әскерлердi ракеталық-артиллериялық қамтамасыз
етудiң командалық-тактикалық, тылдық қамтамасыз етудiң командалық-тактикалық, жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етудiң командалық-тактикалық:
физика;
математика;
қазақ немесе орыс тiлi;
Қазақстан тарихы.
"Физика" негiзгi пән болып табылады.".

2 2. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Тәрбие және кадр жұмысы департаментi осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi iстер вице-Министрi iшкi қызмет генерал-майоры С.Н.Баймағанбетовке және Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Тәрбие және кадр жұмысы департаментiне (М.М.Сүйiншәлиев) жүктелсiн.

Министр
генерал-полковник
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
бірінші вице-Министрі
2002 ж. 24 маусым

Қолданыстағы