Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2003 года № 1249

Қаулы · № 333 · қабылданған 16.03.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2003-no-1249/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2003 года № 1249 Күшін жойған Қаулы ·№ 333 ·16.03.2009
21.11.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2003 года № 1249

Күшін жойған Қаулы ·№ 333 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 декабря 2003 года № 1249
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
333
Қабылданған күні
16.03.2009
Көрсетілген редакция
21.11.2016 AI44821_2.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090000333_
ЭКБ идентификаторы
44821
Редакция идентификаторы
AI44821_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:34

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Магистральдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1249 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 46, 514-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Магистральдық, станциялық және кірме жолдарда жүру қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру ережесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Магистральдық және станциялық жолдардың учаскелері бойынша жолаушылар поездарының сағатына 60 км/сағ және одан көп жылдамдықпен жүретін бағыттарын тексеру айына кемінде екі рет жүргізілуі тиіс";
3-бөлімнің тақырыбында, 12, 13, 15, 16, 17-тармақтардағы "Авария", "аварияны" және "Аварияға" деген сөздер тиісінше "Апат немесе авария", "Апатты немесе аварияны" және "Апатқа немесе аварияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақта:
бірінші абзацтағы "Авария" деген сөз "Апат немесе авария" деген сөздермен ауыстырылсын;
2), 3), және 8) тармақшалардағы "авария" деген сөздің алдынан "апат немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
1-қосымшада:
тақырыбында және барлық мәтін бойынша "Аварияны", "Аварияның", "Авария", "Аварияға" деген сөздер тиісінше "Апатты/аварияны", "Апаттың/аварияның", "Апат/авария", "Апатқа/аварияға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе: осы нысанды апат немесе авария жағдайында толтыру кезінде қажеттісінің асты сызылсын.".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы