Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года N 948

Қаулы · № 1043 · қабылданған 06.11.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2004-n-948/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года N 948 Күшін жойған Қаулы ·№ 1043 ·06.11.2007
31.01.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года N 948

Күшін жойған Қаулы ·№ 1043 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года N 948
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 948 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1043
Қабылданған күні
06.11.2007
Көрсетілген редакция
31.01.2011 AI35611_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070001043_
ЭКБ идентификаторы
35611
Редакция идентификаторы
AI35611_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 14:51

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 948 қаулысына толықтыру енгізу туралы

2007 жылғы 18 тамызда жасалған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негізгі келісімге Хаттаманы іске асыруды жеделдету мақсатында, Қытай Халық Республикасымен қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

1

1. "Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын қызметтің негізгі мәні бойынша оларды ұйымдардың сатып алуы мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылмайтын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 948 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 34, 454-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын қызметтің негізгі мәні бойынша оларды ұйымдардың сатып алуы мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылмайтын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізбесі мынандай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Қазақстан-Қытай мұнай құбырының екінші кезеңін пайдалануға беру мақсатында жүзеге асырылатын Атырау - Кеңқияқ - Құмкөл - Атасу - Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесін (бұдан әрі - Атырау - Алашанькоу мұнай құбыры) және олардың объектілерін қайта жаңарту және салу үшін»"Қазақстан-Қытай Құбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "МұнайТас" Солтүстік Батыс Құбыржол компаниясы" акционерлік қоғамы,»"КазТрансОйл" акционерлік қоғамы 2007 жылғы 18 тамызда жасалған 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негізгі келісімге Хаттамаға сәйкес қызметтің негізгі мәні бойынша сатып алатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер:
1) жобалық-зерттеу жұмыстарын, авторлық қадағалауды, жобалық жұмыстардың сараптамаларын қоса алғанда, нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік сараптамалардан өткен жобалық-сметалық құжаттамада көзделген көлемде және мөлшерде Атырау - Кеңқияқ - Құмкөл - Атасу - Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесін салу және қайта жаңарту үшін қажетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтер:
құбыр өнімі;
тиекті арматура;
сорғы жабдығы мен агрегаттары;
термошөгінді манжеттер және оқшауландырғыш материалдар;
дәнекерлеу материалдары мен жабдығы;
тазалау қондырғыларын іске қосу және қабылдау камералары;
темір-бетон бұйымдары;
металл прокаты және металл конструкциялары;
электр сымдары;
жылжымалы және тұрақты дизельді электр станциялары;
катодтық қорғау станциялары;
бақылау, басқару және деректер жинау жүйесінің жабдығы;
технологиялық жабдыққа арналған блок бокстар;
талшықты-оптикалық кабель;
байланыс жабдығы;
периметральды қорғау жүйесінің жабдығы;
өртке қарсы дабыл және өрт сөндіру жүйесінің жабдығы;
күш және бақылау кабельдері;
мұнайдың мөлшері мен сапасын коммерциялық есептеу тораптары;
автоматтандырылған сынама алғыштар;
жоғары вольтты жабық және ашық таратушы қондырғыларға арналған электр жабдығы;
электр трансформаторлары;
қысым реттегіштер;
технологиялық фильтрлер;
арнайы қорғау киімі мен аяқ киім;
жанар-жағар май материалдары;
АҚП-ға арналған арнайы машиналар, автокөлік техникасы;
магистральдық мұнай құбыры объектілерін, жоғары вольтты желілерді, жолдарды, мұнай айдау станцияларын, сыртқы электрмен жабдықтауды және сумен жабдықтауды, технологиялық байланыс жүйесін, мұнай құбырын бақылау, басқару және деректер жинау жүйесін салу;
3) жобалауды, тауарларды (материалдар мен жабдықтарды) жеткізуді және мұнай құбыры объектілерін салуды басқару және қадағалау;
4) Атырау - Кеңқияқ - Құмкөл - Атасу - Алашанькоу бағыты бойынша магистральдық мұнай құбырлары жүйесін жобалауға, салуға және пайдалануға беруге байланысты консультациялық, оның ішінде заң және қаржы қызметтері;
Негізгі келісімнің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 948 қаулысының 2-тармағының орындалуын бақылауға жауапты мемлекеттік орган:
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы