Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года N 949

Қаулы · № 1284 · қабылданған 08.12.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2004-n-949-ekb-22072/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года N 949 Күшін жойған Қаулы ·№ 1284 ·08.12.2004
14.04.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года N 949

Күшін жойған Қаулы ·№ 1284 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года N 949
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi N 949 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1284
Қабылданған күні
08.12.2004
Көрсетілген редакция
14.04.2009 AI22072_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040001284_
ЭКБ идентификаторы
22072
Редакция идентификаторы
AI22072_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:26

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi N 949 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1

1. "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттерi болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi N 949 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 34, 455-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы";
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiне (бұдан әрi - Агенттік) қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифiнің арттырылуына өтемақы төлеуге 2004 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражаттан, белгiленген тәртiппен бекiтілген 2004 жылға арналған республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес 476784000 (төрт жүз жетпіс алты миллион жеті жүз сексен төрт мың) теңге сомасында мақсатты трансферттер бөлсiн.
2-2. Осы қаулының 2-1-тармағында көрсетілген қаражат қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлiнсiн.
2-3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi мақсатты трансферттердің пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсiн.".
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттерi болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу ережесiнде:
1-тармақта:
3) тармақша "қалалық уәкілетті органдар" және "қалалық атқарушы органдар" деген сөздерден кейiн "(Астана және Алматы қалаларындағы аудандық)" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы "ақшалай өтемақы және телефон үшін абоненттiк ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеу үшiн арналған" деген сөздер ", телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретiнде белгіленетін ақшалай өтемақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы "облыстық уәкiлеттi орган" және "атқарушы орган" деген сөздерден кейiн "(Астана және Алматы қалаларындағы қалалық)" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
"өтемақысы" деген сөзден кейiн "қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Телефон үшін абоненттiк ақы тарифінің арттырылуына өтемақы төлеу бюджет және тұрғын үй заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
7, 8, 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Телефон үшiн абоненттік ақы тарифінің арттырылуына өтемақы төлеуге қаражатты аумақтық қазынашылық органдарына аудару кезiнде уәкiлетті орган төлеуге арналған шотты төлемдердiң кезеңi мен сомалары көрсетiлген абоненттердiң тiзiмiмен қоса ұсынады.
8. Қалалық уәкілеттi органдар тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 5-күнiне облыстық уәкілеттi органдарға телефон үшін абоненттік ақы тарифiнің арттырылуына төленген өтемақы сомалары бойынша ақпарат ұсынады.
9. Облыстық уәкілетті органдар есептi тоқсаннан кейiнгі айдың 10-күнiнен кешіктірмей әкімшіге мақсатты трансферттер қаражатының пайдаланылуы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты ұсынады.
10. Әкімшi қажеттілiкті алғаннан кейiнгi 3 күн iшiнде ақы төлеуге арналған шоттың негізiнде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі берген деректемелер бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілiктi атқарушы органдарына қалалық телекоммуникация желiлерінің абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге арналған мақсатты трансферттердiң сомасын аударады. Аудару белгiленген тәртіппен бекiтiлген "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне берілетін мақсатты трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспарына және қаулының 2-2-тармағына сәйкес тарифтiң арттырылуына өтемақы төлеуге арналған мақсатты трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлуге сәйкес жүргiзiледi.
11. Облыс бюджетін атқару жөнiндегi уәкілеттi орган трансферттердi төмен деңгейде тұрған бюджетке тарифтiң арттырылуына өтемақы төлеуге арналған қаражат қажеттілігiне сәйкес және белгіленген тәртiппен бекiтiлген облыстық бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспары шегiнде аударады.";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

0 Қалалық телекоммуникация желілерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк ақы тарифiнiң арттырылуына өтемақы төлеуге арналған мақсатты трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу

Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
N 1284 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Yкiметінің
2004 жылғы 9 қыркүйектегі
N 949 қаулысына қосымша
Қалалық телекоммуникация желілерiнiң абоненттерi болып табылатын, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк ақы тарифiнiң арттырылуына өтемақы төлеуге арналған мақсатты трансферттерді облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу
__________________________________________________________________
          Облыс          | Мақсатты трансферттердiң сомасы, теңге
__________________________________________________________________
Ақмола облысы                               11243822
Ақтөбе облысы                               30844924
Алматы облысы                                5602279
Атырау облысы                                 774856
Шығыс Қазақстан облысы                      24185113
Жамбыл облысы                               89725602
Батыс Қазақстан облысы                      38471968
Қарағанды облысы                            33782972
Қостанай облысы                            103123159
Қызылорда облысы                            62722207
Маңғыстау облысы                             4127995
Павлодар облысы                             12658270
Солтүстiк Қазақстан облысы                  19726003
Оңтүстiк Қазақстан облысы                    3442469
Астана қаласы                               18254537
Алматы қаласы                               18097824
Барлығы: 476784000
__________________________________________________________________

Қолданыстағы