О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 9 января 2004 года № 3-1-65п "О дополнительных мерах по содействию занятости населения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города Астаны от 9 января 2004 года № 3-1-65п "О дополнительных мерах по содействию занятости населения"
- Атауы (қаз.)
- "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-2п
- Қабылданған күні
- 10.01.2010
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2017 50718_248014.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10A000619_
- ЭКБ идентификаторы
- 50718
- Редакция идентификаторы
- 50718_248014
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:21
0 "Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 26 қаңтарда № 308 болып тіркелген, 2004 жылғы 12 ақпандағы № 21 «Астана хабары», 2004 жылғы 27 наурыздағы № 34 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-1 2-1 тармақ алынып тасталсын;
3-тармақта «Халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар» ішкі бағдарламасын (бұдан әрі – ішкі бағдарлама)» деген сөздер «Жұмыспен қамту бағдарламасы» бюджеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама)» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыссыз жастар үшін кәсіби дипломнан кейінгі тәжірибені ұйымдастыру Қағидасында (бұдан әрі – Қағида):
барлық мәтін бойынша «жеке» деген сөз алынып тасталсын;
23 23-тармақ алынып тасталсын;
25-тармақта «он бес мың теңге» деген сөздер «тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі айлық ақыдан кем емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
27-тармақта «Қазақстан Республикасы заңнамаларында тиісті қаржы жылына белгіленген арналған ең төменгі айлықтан кем емес еңбек ақы көлемінде аталған кәсіпорындар мен ұйымдардағы бағалау бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
Қағидаға 1-қосымшада:
2-тармақтың 2) тармақшасында «он бес мың теңге» деген сөздер «тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі айлық ақыдан кем емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жеке» деген сөз алынып тасталсын;
3-тармақтың 1) тармақшасы келесі мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
1-2 «1-2) жұмыссызды жұмысқа қабылдаған күннен бастап үш күн ішінде Басқармаға еңбек шартының көшірмесін және/немесе жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың, жеке куәліктің, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің, әлеуметтік жеке кодтың көшірмесін және жұмыссыздың жинақтаушы зейнетақы қорының шартын ұсыну;»;
6-бөлімінде «68а» деген сандар мен әріп «16» сандармен ауыстырылсын;
Қағидаға 2-қосымшада:
«68а» деген сандар мен әріп «16» сандармен ауыстырылсын;
«10-бөлме, тел. 215656» деген сөздері мен сандар алынып тасталсын;
Қағидаға 3-қосымшада:
1-тармақтың 2) тармақшасында «он бес мың теңге» деген сөздер «тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі айлық ақыдан кем емес» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-бөлімінде «68а» деген сандар мен әріп «16» сандармен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Оқитын жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу Қағидасында:
4-тармақта «, «Халықты жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар» бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) әкімгері» деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақта «жеке» деген сөз алынып тасталсын;
12-тармақта «тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі еңбек ақы көлемінен кем емес мөлшерде аталған кәсіпорындар мен ұйымдардағы бағалау бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;