О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 июня 2004 года № 462 "Об утверждении Правил повышения квалификации и переподготовки специалистов с медицинским и фармацевтическим образованием"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 июня 2004 года № 462 "Об утверждении Правил повышения квалификации и переподготовки специалистов с медицинским и фармацевтическим образованием"
- Атауы (қаз.)
- "Медициналық және фармацевтикалық білімді мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 462 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 353
- Қабылданған күні
- 10.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 11.11.2009 AI47443_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.11.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005743_
- ЭКБ идентификаторы
- 47443
- Редакция идентификаторы
- AI47443_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:49
0 "Медициналық және фармацевтикалық білімді мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 462 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының " Азаматтардың денсаулығы туралы " 2006 жылғы 7 шілдедегі, " Білім туралы " 2007 жылғы 27 шілдедегі, " Денсаулық сақтау жүйесі туралы " 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңдарына сәйкес және медициналық және фармацевтикалық білімді мамандардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ретке келтіру, үйлестіру және одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Медициналық және фармацевтикалық білімді мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2922 болып тіркелген, "Қазақстан фармациясы" журналында жарияланған, 2004 ж., N 7, "Медициналық және фармацевтикалық білімді мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 462 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 11 қарашадағы N 799 бұйрығына енгізілген толықтырулармен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3289 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., N 1, 6-бет) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының " Азаматтардың денсаулығы туралы " 2006 жылғы 7 шілдедегі, " Білім туралы " 2007 жылғы 27 шілдегі, " Денсаулық сақтау жүйесі туралы " 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңдарына сәйкес және медициналық және фармацевтикалық білімді мамандардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ретке келтіру, үйлестіру және одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: ";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық және фармацевтикалық білімді мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы ереже Қазақстан Республикасының " Азаматтардың денсаулығы туралы " 2006 жылғы 7 шілдедегі, " Білім туралы " 2007 жылғы 27 шілдедегі, " Денсаулық сақтау жүйесі туралы " 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңдарына сәйкес әзірленген және медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.";
11-тармақтың бірінші абзацындағы "тақырыптық жетілдіру – 72 сағаттан 234 сағатқа дейін" деген сөздер "тақырыптық жетілдіру – 36 сағаттан 234 сағатқа дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.