Құжат мәтініне өту

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года № 948

Қаулы · № 223 · қабылданған 31.03.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2004-no-948-ekb-26932/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года № 948 Күшін жойған Қаулы ·№ 223 ·31.03.2006
31.01.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года № 948

Күшін жойған Қаулы ·№ 223 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 сентября 2004 года № 948
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 948 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
223
Қабылданған күні
31.03.2006
Көрсетілген редакция
31.01.2011 AI26932_2.kaz
Соңғы өзгеріс
31.01.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060000223_
ЭКБ идентификаторы
26932
Редакция идентификаторы
AI26932_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:39

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 948 қаулысына толықтыру енгізу туралы

2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келiсiмдi iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

1

1. "Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметтiң негiзгi мәнi бойынша оларды ұйымдардың сатып алуы мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылмайтын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi N 948 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 34, 454-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес жүзеге асырылатын қызметтiң негiзгi мәнi бойынша оларды ұйымдардың сатып алуы мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылмайтын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң тiзбесi мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Қызметiнiң негiзгi мәнi "Байқоңыр" ғарыш айлағының ғарыштық инфрақұрылым объектiлерiнiң базасында жаңа экологиялық қауiпсiз "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру болып табылатын "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны" акционерлiк қоғамы 2005 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2004 жылғы 22 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келiсiмге сәйкес сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер:
1) "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiнiң (бұдан әрi - "Бәйтерек" ҒЗК) құрамында пайдалану болжанып отырған техникалық және ұшу кешендерiнiң жабдығына тексерiс жүргiзу, бөлшектелетiн жабдықтың құрамын анықтау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының көлемiн анықтау;
2) "Бәйтерек" ҒЗК құрамында пайдалану болжанып отырған техникалық және ұшу кешендерiнiң құрылыс конструкциялары мен инженерлiк-техникалық жүйелерiн зерттеу;
3) "Бәйтерек" ҒЗК-ге техникалық жобаны әзiрлеу, жаңа агрегаттар мен техникалық және старттық кешендердiң жүйелерiн жасау және жұмыс iстеп тұрғандарын жетiлдiру жөнiндегi тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға техникалық тапсырмалар беру, инвестицияларды негiздеу үшiн бастапқы деректердi беру;
4) ұшу және техникалық кешендердiң, жердегi жабдық жинақтарының, тексеру аппаратурасы мен тасымалдау құралдарының жаңадан құрылатын және жетiлдiрiлетiн технологиялық агрегаттары мен жүйелерiне эскиздiк жобалар және конструкторлық құжаттама шығару;
5) техникалық тапсырмаларды, бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлеу, "Бәйтерек" ҒЗК құрамында пайдалану болжанып отырған ұшу және техникалық кешендер жабдығының белгiленген көрсеткiштерiн ұзарту жөнiнде жұмыс жүргiзу, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу, қорытындылар беру;
6) "Бәйтерек" ҒЗК жұмыстарында iске қосылмаған жабдықты бөлшектеу;
7) кешеннiң құрылыс бөлiгiне бастапқы деректердi беру, ұшу және техникалық кешендердi қайта жаңартуға арналған инвестициялардың негiздемесiн әзiрлеу;
8) жобаның жұмыс құжаттамасының негiзiнде iздестiру жұмыстарын жүргiзу;
9) ұшу және техникалық кешендердi қайта жаңарту жөнiндегi құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған жұмыс жобасын әзiрлеу;
10) жетiлдiрiлетiн және жаңадан енгiзiлетiн технологиялық агрегаттар мен жүйелердiң, жердегi жабдық жинақтарының, тексеру аппаратурасының және тасымалдау құралдарының жабдығын жасау әрi жеткiзу;
11) технологиялық агрегаттар мен жүйелерге арналған пайдалану құжаттамасын, жердегi жабдық жинақтарын, тексеру аппаратурасы мен тасымалдау құралдарын шығару, кешендi құжаттаманы шығару;
12) технологиялық жабдықты жасау және жеткiзу;
13) құрылыс жұмыстарын жүргiзу, ұшу және техникалық кешендерде арнаулы техникалық жүйелердi монтаждау;
14) технологиялық жабдықты, жердегi жабдық жинақтарын, тексеру аппаратурасын монтаждау;
15) iске қосу-жөндеу жұмыстарын, ұшу және техникалық кешендердiң жyйелерi мен агрегаттарын автономды және кешендi сынауларды жүргiзу;
16) "Бәйтерек" ҒЗК үшiн қазiргi "Байқоңыр" кешенiндегi байланыс және телекоммуникациялық қамтамасыз ету жүйесiн жете жарақтандыру;
17) "Бәйтерек" ҒЗК өлшеу, ақпарат жинау және өңдеу құралдарының кешенiн құру;
18) темiр жолдарды қайта жаңарту;
19) оттегi-азот зауытын және зымыран отын құрауыштарын сақтау кешенiн қайта жаңарту;
20) 11Г141 және 11Г12 май құю-бейтараптандыру станцияларын қайта жаңарту;
21) бағдарламалық-әдiстемелiк және кешендi пайдалану құжаттамасын әзiрлеу;
22) "Бәйтерек" ҒЗК-нiң экологиялық, қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi және "Бәйтерек" ҒЗК-нi құру мен пайдалану кезiнде зымыран тасығыштан бөлiнетiн бөлiктердiң ұшу трассалары мен құлайтын аудандарын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстар;
23) регламенттiк жұмыстарды, техникалық және ұшу кешендерi жабдығын, өлшеу, ақпарат жинау және өңдеу құралдарының кешенiн, айдау блогын жер үстi басқару кешенiн және "Бәйтерек" ҒЗК инфрақұрылымының басқа да объектiлерiн ұстау және ағымдағы пайдалану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу;
24) ғарыштық мақсаттағы зымыранмен жұмыстарға технологиялық жабдық дайындау;
25) техникалық және ұшу кешендерiндегi ғарыштық мақсаттағы зымыранды жинау және сынау жөнiндегi жұмыстарды қамтамасыз ету;
26) зымыран отынының құрауыштарын сатып алу және тасымалдау;
27) iске қосқаннан кейiнгi жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары;
28) "Бәйтерек" ҒЗК-нiң құрылыс ғимараттарының, техникалық және технологиялық жабдықтарының белгiленген көрсеткiштерi мен ресурсын ұзарту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу.
Келiсiмнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 қыркүйектегi N 948 қаулысының 2-тармағының орындалуын бақылауға жауапты мемлекеттiк орган:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.".

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы