Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 марта 2005 года N 217

Қаулы · № 750 · қабылданған 28.08.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2005-n-217-ekb-35014/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 марта 2005 года N 217 Күшін жойған Қаулы ·№ 750 ·28.08.2007
01.07.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 марта 2005 года N 217

Күшін жойған Қаулы ·№ 750 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 марта 2005 года N 217
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
750
Қабылданған күні
28.08.2007
Көрсетілген редакция
01.07.2010 AI35014_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.07.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P070000750_
ЭКБ идентификаторы
35014
Редакция идентификаторы
AI35014_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:07

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 121-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 1) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен бекітілген Жеке тұлғалардың Кеден одағына қатысушы мемлекеттер шекараларынан еркін және тең құқылы өтуін және олардың тауарлар мен валютаны кедергісіз тасымалдауын қамтамасыз ету туралы келісімге, cондай-ақ Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 263 , 264 , 266 , 269 , 270 , 273 , 275 , 290 , 317-баптарына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 278-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :";

2 2) 1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"6) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына кедендік төлемдер мен салықтар салынбайтын акцизделетін тауарларды әкелу нормалары;";
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізетін тауарлардың қолданылуын айқындау өлшемдерінде:
1) тармақшаның екінші абзацында "өткізу жиілігі жылына бір реттен аспайтын мотокөліктер мен жеңіл автомобильдерден басқа" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшада:
бесінші абзацта "бір адамға 10 (он) килограмм" деген сөздерден кейін ", оның ішінде бекіре және албырт балықтардың уылдырығы - 250 (екі жүз елу) грамм" деген сөздермен толықтырылсын;
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағына оңайлатылған тәртіппен әкелетін тауарларға жиынтық кедендік төлем осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5) көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұлғалардың акциздер салынбайтын акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттауының нормалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағына оңайлатылған тәртіппен әкелетін тауарларға жиынтық кедендік төлем

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 28 тамыздағы
N 750 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 9 наурыздағы
N 217 қаулысымен
бекітілген
Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағына оңайлатылған тәртіппен әкелетін тауарларға жиынтық кедендік төлем
Оларға қатысты жеңілдетілген тәртіп көзделмеген тауарларды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған тәртіппен өткізуі кезінде кедендік төлемдер мен салықтар кедендік құнының ЕуроАзЭҚ сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес жіктелетін 07, 08 тауарлық топтардың тауарларын қоспағанда, 1 кг. үшін 0,6 евро мөлшерінде жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін, оларға қатысты жиынтық төлем кедендік құнның 17% құрайды.
ЕуроАзЭҚ сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес жіктелетін 22, 24, 26-31, 36, 38, 73, 84, 86-89, 93 тауарлық топтардың тауарларын декларациялау жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2 Жеке тұлғалардан кедендік төлемдер мен салықтар салынбайтын акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу нормалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 28 тамыздағы
N 750 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 9 наурыздағы
N 217 қаулысымен
бекітілген
Жеке тұлғалардан кедендік төлемдер мен салықтар салынбайтын акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу нормалары
Р/с
N
ЕурАз­ЭҚ СЭҚ
ТН ко­ды
Та­у­ар­дың ата­уы
Алып өту нор­ма­сы (бір адам­ға)
1
2203 00
Ашы­ты­л­ған сы­ра
5 литр*
2
2204 (2204 30-
дан бас­қа), 2205, 2206 00,
2207, 2208-ден
Ша­рап­тар, ша­рап
ма­те­ри­ал­да­ры, ко­ньяк,
брен­ди, спирт­тің бар­лық
түр­ле­рі, арақ, ли­кер-арақ
бұй­ым­да­ры
2 литр*
3
2402
Филь­тр­лі те­ме­кі, филь­тр­сіз
те­ме­кі, па­пи­ро­стар
Си­га­ра­лар
Си­га­рил­ла­лар
1000 да­на*
15 да­на*
300 да­на*
4
2403-ден**
Ни­ко­тин­нен тұ­ра­тын
фар­ма­цев­тік өнім­ді
қо­с­па­ған­да, ше­ге­тін
те­ме­кі, шай­най­тын те­ме­кі,
иіс­кей­тін те­ме­кі және өзге
де тұ­ты­ну ыдыс­ы­на
буып-түй­і­л­ген және соң­ғы
тұ­ты­ну­ға ар­нал­ған те­ме­кі
1 кг*
5
2710 11 410 0,
2710 11 450 0,
2710 11 490 0,
2710 11 510 0,
2710 11 590 0,
Бен­зин (авиа­ци­я­лық­ты қо­с­па­ған­да)
100 литр*
6
2710 19 310 0,
2710 19 350 0,
2710 19 410 0,
2710 19 450 0,
2710 19 490 0,
Ди­зель оты­ны
150 литр*
📌 Ескертпе.
*Көрсетілген норма ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметі туралы номенклатурасының кодтары бойынша бөлінбестен, импортталатын тауарлардың жалпы көлеміне белгіленеді. Импорт нормасының көлеміндегі кедендік төлемдер мен салықтар салынуға жатпайтын импортталатын тауарлардың тізбесі жеке тұлғаның таңдауы бойынша белгіленеді.
**Тауар номенклатурасы ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының кодымен де, тауардың атауымен де айқындалады.

Қолданыстағы