Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 9 октября 2006 года № 194 "О конкурсе на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и республиканском конкурсе-выставке "Лучший товар Казахстана"

Жарлық · № 820 · қабылданған 23.05.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2006-no-194-ekb-80193/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 9 октября 2006 года № 194 "О конкурсе на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и республиканском конкурсе-выставке "Лучший товар Казахстана" Қолданыста Жарлық ·№ 820 ·23.05.2014
23.05.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.05.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 9 октября 2006 года № 194 "О конкурсе на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и республиканском конкурсе-выставке "Лучший товар Казахстана"

Қолданыста Жарлық ·№ 820 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 9 октября 2006 года № 194 "О конкурсе на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и республиканском конкурсе-выставке "Лучший товар Казахстана"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
820
Қабылданған күні
23.05.2014
Көрсетілген редакция
23.05.2014 AI80193_0.kaz
Соңғы өзгеріс
23.05.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U1400000820
ЭКБ идентификаторы
80193
Редакция идентификаторы
AI80193_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:36

0 Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қаулы етемін:

1

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат; 2007 ж., № 24, 267-құжат; № 42, 476-құжат; 2008 ж., № 42, 464-құжат; 2009 ж., № 33, 307-құжат; 2010 ж., № 39, 335-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі»;
«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігінің төрағасы»;
«Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі басқармасының төрағасы (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс өткізу және лауреат атағын беру ережелерінде:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) осы Ережелердің 5-тармағында көзделген үш номинациядағы үш санат бойынша жыл сайын сыйлықтар береді.»;
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сыйлық алуға, мемлекеттің қатысу үлесі 50 %-дан асатын ұйымдарды, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген рәсімдерді жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (бұдан әрі – конкурсқа қатысушылар) үміткер бола алады.».
5-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Әр номинация бойынша мынадай:
1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;
2) орта кәсіпкерлік субъектісі;
3) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша үш сыйлық беріледі.
Конкурстар номинациясында, әрбір номинацияда екеуден аспайтын сыйлық лауреаттарының қосымша атақтары тағайындалуы мүмкін.»;
7 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сыйлықты алуға оны белгілі бір номинацияда алғаннан кейін төрт жыл ішінде оған қайта ұсынуға жол берілмейді.»;
«15. Сыйлық лауреаты атағына ие болған конкурсқа қатысушылар сыйлық берілгеннен кейін төрт жыл ішінде сыйлық эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсын өткізу және дипломант атағын беру ережелерінде:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Конкурс дипломанттары конкурстың эмблемасын жарнамалық мақсатта төрт жыл бойы пайдалану құқығына ие болады.».

2 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы