Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 9 января 2006 года № 6 "Об утверждении Правил назначения и деятельности временной администрации (временного администратора) банка, страховой (перестраховочной) организации и накопительного пенсионного фонда"

Қаулы · № 192 · қабылданған 28.11.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2006-no-6-ekb-43092/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 9 января 2006 года № 6 "Об утверждении Правил назначения и деятельности временной администрации (временного администратора) банка, страховой (перестраховочной) организации и накопительного пенсионного фонда" Күшін жойған Қаулы ·№ 192 ·28.11.2008
16.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 9 января 2006 года № 6 "Об утверждении Правил назначения и деятельности временной администрации (временного администратора) банка, страховой (перестраховочной) организации и накопительного пенсионного фонда"

Күшін жойған Қаулы ·№ 192 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 9 января 2006 года № 6 "Об утверждении Правил назначения и деятельности временной администрации (временного администратора) банка, страховой (перестраховочной) организации и накопительного пенсионного фонда"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
192
Қабылданған күні
28.11.2008
Көрсетілген редакция
16.07.2014 AI43092_2.kaz
Соңғы өзгеріс
16.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005443_
ЭКБ идентификаторы
43092
Редакция идентификаторы
AI43092_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:30

0

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
" Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қарашадағы Заңын және Қазақстан Республикасындағы банктердің , сақтандыру ( қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Агенттік Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4070 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 115 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4681 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы мамыр-маусымда жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылғы шілде - тамызда жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 167 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4847 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі N 139 (1342) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 9 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5156 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтырулары бар қаулыға мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесінде:
1-тармақтың 1) тармақшасында "уәкілетті орган ұйымның лицензиясын айыру туралы шешім күшіне енген күннен бастап ұйым мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган ұйымның тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге тағайындайтын орган" деген сөздер "ұйым мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін және ұйымды басқаруды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган тағайындайтын орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Уақытша әкімшілік уәкілетті органның шешімімен тағайындалады.
Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап және уәкілетті орган тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге тағайындалады.
Жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігі уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап және мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары бойынша міндеттемелерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына өткізу аяқталғанға дейінгі кезеңге тағайындалады.";
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда ұйымның кредиторы болып табылатын тұлға;";
7-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы алынып тасталсын;
10-тармақтың 6) тармақшасы "сәйкес" деген сөзден кейін "қажеттілігіне қарай" деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақта:
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, сондай-ақ жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударым жасау бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының шығыстары;";
7) тармақшада "басқа" деген сөз "көзделмеген" деген сөзбен ауыстырылсын;
13-тармақта:
екінші абзацында:
"жеке", "еңбек келісімдеріне," деген сөздер алынып тасталсын;
"қызмет көрсету" деген сөздер "қызметті өтелмелі көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Уақытша әкімшілікке Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 48-бабына сәйкес қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу талаптарын өзгертуге жол беріледі.";
19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19-1. Көзделмеген шығыстар мөлшері банк үшін жүз айлық есептік көрсеткіштен және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, жинақтаушы зейнетақы қоры үшін елу айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс, осы Ереженің 12-тармағының 1)-6-1) тармақшаларында көзделмеген уақытша әкімшіліктің кезек күттірмейтін мұқтаждарға жоспарланбаған шығындарын білдіреді.";
23-тармақта "он күн" деген сөздер "он жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын ;
25-тармақты ң 5) тармақшасы "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
26-тармақты ң 6) тармақшасы алынып тасталсын;
27-тармақта:
5) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған шарттардың жалпы тізімін және осы жинақтаушы зейнетақы қорында дербес жинақтаушы шоты бар, осы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жасалған шарт туралы мәліметтер жоқ салымшылардың тізімін;";
он бірінші абзац " қорларына" деген сөзден кейін "немесе сақтандыру ұйымдарына" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) зейнетақы активтерін бұдан әрі қарай инвестициялық басқаруды қамтамасыз етеді, оның ішінде осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдауды жүзеге асыратын инвестициялық комитеттің құрамына кіретін жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша
әкімшілігі мүшелерінің санынан қызметкерді айқындайды;";
мынадай мазмұнда ғ ы 6-1), 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) осы жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің шартты бірлігінің есебін жүзеге асыруды жалғастырады;
6-2) пруденциалдық нормативтерді және басқа міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді жалғастырады;
6-3) уәкілетті орган ғақаржылық және өзге есептіліктіқ алыптастыруды және ұсынуды жалғастырады;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) салымшыларға мемлекеттің қатысуы бар жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және міндеттемелерін беру туралы ақпаратты республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыруды жариялау арқылы жеткізеді.";
28-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28-1. Уақытша әкімшілік мемлекеттің қатысуы бар жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін және міндеттемелерін беруді уақытша әкімшілікпен, қабылдаушы қормен, бұрынғы және жаңа кастодиан банктермен және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар арасында жасалатын зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтерін және міндеттемелерін беру туралы келісім және қабылдау-өткізу актісі негізінде жүзеге асырады.
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері және міндеттемелері берілген мемлекеттің қатысуы бар жинақтаушы зейнетақы қоры бір ай мерзімінде салымшылармен (алушылармен) шарттарды жасау бойынша шараларды қабылдайды.".

2 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

3 3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (З.С. Жұмабаева):

1 1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4 4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

Қолданыстағы