О внесении изменения в решение маслихата города Астаны от 9 июля 2008 года № 114/18-IV "О Правилах оказания социальной помощи нуждающимся гражданам, больным активным туберкулезом"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение маслихата города Астаны от 9 июля 2008 года № 114/18-IV "О Правилах оказания социальной помощи нуждающимся гражданам, больным активным туберкулезом"
- Атауы (қаз.)
- "Белсенді туберкулезбен ауыратын мұтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 114/18-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 357/48-IV
- Қабылданған күні
- 28.05.2010
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2014 AI53422_3.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10A000638_
- ЭКБ идентификаторы
- 53422
- Редакция идентификаторы
- AI53422_3
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 08:05
0 "Белсенді туберкулезбен ауыратын мұтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 114/18-ІV шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, 2007 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі № 114/18-ІV «Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 15 тамызда № 540 тіркелген, 2008 жылғы 21 тамызда № 102 «Вечерняя Астана», 2008 жылғы 21 тамызда № 99 «Астана ақшамы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету қағидасында:
7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Астана қаласының Туберкулезге қарсы диспансерінде диспансерлік есепте тұрған жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүгедектер, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар, толық емес отбасылардан шыққан тұлғалар және отбасы мүшелері де туберкулезбен ауыратын тұлғалар ішінен азаматтар Әлеуметтік көмекке мұқтаж болып танылады. Жол жүру билеттерімен қамтамасыз ету түріндегі әлеуметтік көмек көрсетілген санаттардан басқа емдеу орнынан алшақ тұратын тұлғаларға да көрсетіледі.».
2 2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрағасы Ю. Келигов
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин