О внесении дополнений и изменений в постановление акимата Павлодарской области от 9 июня 2008 года № 140/6 "Об определении условий бюджетного кредитования субъектов малого предпринимательства за счет средств областного бюджета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в постановление акимата Павлодарской области от 9 июня 2008 года № 140/6 "Об определении условий бюджетного кредитования субъектов малого предпринимательства за счет средств областного бюджета"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 9 маусымдағы "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеу шарттарын анықтау туралы" № 140/6 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 241/9
- Қабылданған күні
- 19.09.2008
- Көрсетілген редакция
- 18.09.2009 AI41692_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.09.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08P0003125
- ЭКБ идентификаторы
- 41692
- Редакция идентификаторы
- AI41692_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:51
0 Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 9 маусымдағы "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеу шарттарын анықтау туралы" № 140/6 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 172-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 тамыздағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" № 764 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінің 449-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 9 маусымдағы "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеу шарттарын анықтау туралы" № 140/6 қаулысына (Павлодар облысының әділет департаментінің тізілімінде 2008 жылғы 24 маусымда № 3116 болып тіркелген, "Звезда Прииртышья" № 71 газетінде 2008 жылғы 28 маусымда жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының атауы "шағын" деген сөзден кейін "және орта" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулының тармағында:
екінші абзац "шағын" деген сөзден кейін "және орта" деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші абзацтағы "120000" деген сандар "300000" деген сандармен ауыстырылсын, "бір жүз жиырма мың" деген сөздер "үш жүз мың" деген сөздермен ауыстырылсын.