Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2008 года № 675 "Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности автотранспортных средств"

Қаулы · № 1396 · қабылданған 25.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2008-no-675-ekb-76137/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2008 года № 675 "Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности автотранспортных средств" Күшін жойған Қаулы ·№ 1396 ·25.12.2013
30.01.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2008 года № 675 "Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности автотранспортных средств"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1396 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2008 года № 675 "Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности автотранспортных средств"
Атауы (қаз.)
"Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1396
Қабылданған күні
25.12.2013
Көрсетілген редакция
30.01.2017 AI76137_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001396
ЭКБ идентификаторы
76137
Редакция идентификаторы
AI76137_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:20

0 "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылы 9 шілдедегі № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., 32, 334-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"мемлекеттік қорғаныс тапсырысы шеңберінде сатып алынатын автокөлік құралдары;";

2 2-тармақ мынадай абзацтармен толықтырылсын:

"күндізгі жүріс шамы – алға бағытталған және күндізгі уақытта қозғалу кезінде көлік құралының көрінуін арттыру үшін пайдаланылатын шам;
иммобилайзер (иммобилизатор) – көлік құралын оның меншікті қозғалтқышының тартқышы есебінен пайдаланудың алдын алуға (санкцияланбаған пайдаланудың алдын алуға) арналған құрылғы;
ISOFIX бекіту жүйесі – екі қатты корпустық бекіткішпен, балаларға арналған ұстаушы жүйедегі екі тиісті қатты бекіткіш элементпен және балаларға арналған ұстаушы жүйенің бұрыштық жылжу еркіндігін шектейтін айлабұйыммен жабдықталған, балаларға арналған ұстаушы жүйелерді көлік құралдарымен жалғастыру жүйесі;
жаңа автокөлік құралдары – 3 жылдан аспаған және бұрын Қазақстан Республикасының не басқа мемлекеттердің аумағында пайдалануда болмаған автокөлік құралдары;
қауіпсіздік жастығы – механикалық көлік құралдарында қауіпсіздік белбеуіне және ұстап қалушы жүйелерге қосымша орнатылатын құрылғы, ол көлік құралына әсер ететін қатты соққы жағдайында нәтижесінде қандай да бір дене бөлігі немесе бөліктері салонның элементтерімен жанасқанда көлік құралының жүргізушісі немесе жолаушы ұшырайтын соққы күшін газ сығындысы арқылы шектеуге арналған тиісті созылмалы құрамдауышты автоматты түрде ашады;
пайдалану – көлік құралының тіршілік циклінің сатысы, онда оның мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап кәдеге жаратуға дейін мақсаты бойынша пайдаланылуы жүзеге асырылады;";

11 11-тармақ мынадай редакцияда жариялансын:

11 "11. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарында пайдаланылған газды бейтараптандыру жүйесі болуы тиіс және олар сәйкестікті растауға жатады.

Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын МІ санатындағы жаңа автокөлік құралдарында тежегішті бұғаттауға қарсы жүйе, фронтальді қауіпсіздік жастығы, ISOFIX бекіту жүйелері, күндізгі жүріс шамдары және иммобилайзер (иммоболизатор) болған кезде сәйкестікті растауға жол беріледі.
Автокөлік құралдарының сәйкестігін растауды сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификаттарын беру арқылы жүзеге асырады.
Кеден одағына қатысушы елдерде шығарылған автокөлік құралдары үшін осы тармақтың екінші бөлігіне көзделген талап 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.".

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы