О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2008 года № 675 "Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности автотранспортных средств"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2008 года № 675 "Об утверждении Технического регламента "Требования к безопасности автотранспортных средств"
- Атауы (қаз.)
- "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 413
- Қабылданған күні
- 29.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 30.01.2017 AI79391_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000413
- ЭКБ идентификаторы
- 79391
- Редакция идентификаторы
- AI79391_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:50
0 "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 334-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде:
11-тармақтын төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар 2015 жылғы
1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Кеден одағына қатысушы елдерде шығарылған автокөлік құралдарын қоспағанда, осы талаптар 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.";
12-тармақтын бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында жасалатын жаңа автокөлік құралдары өтініш берушінің таңдауы бойынша "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында белгіленген 1-8, 10-схемалардың бірі бойынша сәйкестікті растаудан өтеді. Пайдалану мерзімі 3 жылдан аз, Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалардың негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім
(1958 жылғы Женева келісімі) шеңберінде берілген, үлгіні мақұлдауды
растайтын құжаты бар автокөлік құралдары "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен белгіленген 9-схема бойынша сәйкестікті растаудан өтеді.".