О внесении изменений и дополнения в решение от 9 февраля 2009 года № 16-12-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи отдельным категориям граждан Бородулихинского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение от 9 февраля 2009 года № 16-12-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи отдельным категориям граждан Бородулихинского района"
- Атауы (қаз.)
- "2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV "Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беруді жүзеге асыру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
- Акт түрі
- Нұсқаулық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22-6-IV
- Қабылданған күні
- 25.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 13.07.2012 AI50045_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VH000102
- ЭКБ идентификаторы
- 50045
- Редакция идентификаторы
- AI50045_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:31
0 "2009 жылғы 9 ақпандағы N 16-12-IV "Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беруді жүзеге асыру туралы"
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабы негізінде, Бородулиха ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беруді жүзеге асыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 10 ақпандағы № 5-8-75 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 (6269) санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) Нұсқаулықтын 1-бөлімінің 4-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«Жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұялардан шыққан Бородулиха ауданының жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға Шығыс Қазақстан облысы бойынша ЖОО-ларда оқығанына ақы төлеу үшін, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және мерзімді баспасөз құралдарына жазылу үшін берілетін әлеуметтік көмектен басқа әлеуметтік көмектер бір адамға жылына бір рет беріледі»;
2 2) Нұсқаулықтын 2-бөлімінің 8-тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
«Әлеуметтік көмек мерекелік және атаулы күндер қарсаңында, мерзімдік баспасөздерге жазылу үшін, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үйлерінің ағымдық жөнделуіне көрсетілуі мүмкін»;
3 3) Нұсқаулықтын 3-бөлімінің 14-тармағы 2) тармақшасы келесі мазмұнымен толықтырылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне осы бағытта бөлінген сомалар шегінде тұрғын үйлерді ағымдық жөндеуге».