Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение от 9 февраля 2009 года № 16-12-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи отдельным категориям граждан Бородулихинского района"

Нұсқаулық · № 33-10-IV · қабылданған 28.12.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2009-no-16-12-iv/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение от 9 февраля 2009 года № 16-12-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи отдельным категориям граждан Бородулихинского района" Күшін жойған Нұсқаулық ·№ 33-10-IV ·28.12.2010
13.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение от 9 февраля 2009 года № 16-12-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи отдельным категориям граждан Бородулихинского района"

Күшін жойған Нұсқаулық ·№ 33-10-IV · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение от 9 февраля 2009 года № 16-12-IV "Об утверждении Инструкции по оказанию социальной помощи отдельным категориям граждан Бородулихинского района"
Атауы (қаз.)
2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV "Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" шешімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Нұсқаулық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
33-10-IV
Қабылданған күні
28.12.2010
Көрсетілген редакция
13.07.2012 AI56702_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10VH000125
ЭКБ идентификаторы
56702
Редакция идентификаторы
AI56702_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 06:23

0 2009 жылғы 9 ақпандағы N 16-12-IV "Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" шешімге өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. 2009 жылғы 9 ақпандағы № 16-12-IV «Бородулиха ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылғы 10 ақпандағы № 5-8-75 санымен тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7 (6269) санында жарияланған) шешімге келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Нұсқаулықтың 2-бөлімінің 8-тармағы келесі мазмұнда жазылсын:
«Әлеуметтік көмек мерекелік және атаулы күндер қарсаңында, мерзімдік баспасөздерге жазылу үшін, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үйлерінің ағымдық жөнделуіне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін жерлеуге көрсетілуі мүмкін».
Нұсқаулықтың 3-бөлімінің 14-тармағының 1) тармақшасындағы «өрт болған жағдайда - өрт туралы актіде көрсетілген шығын сомасының 10 пайызы, бірақ 40 есептік көрсеткіштен артық емес» сөздері алынып, «өрт болған жағдайда - өрт туралы актіде көрсетілген шығын сомасының 20 пайызы, бірақ 70 есептік көрсеткіштен артық емес» сөздерімен ауыстырылсын.
Нұсқаулықтың 3-бөлімінің 14-тармағының 2) тармақшасы келесі мазмұнда толықтырылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жерлеу сомасы 20000 теңге (жиырма мың теңге) мөлшерінде»

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы