О внесении изменений в решение от 9 февраля 2009 года № 2 "Құдықсай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение от 9 февраля 2009 года № 2 "Құдықсай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы"
- Атауы (қаз.)
- "Құдықсай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" 2009 жылғы 9 ақпандағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 14.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 14.07.2015 92627_19083.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CLI04461
- ЭКБ идентификаторы
- 92627
- Редакция идентификаторы
- 92627_19083
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:07
0 «Құдықсай селолық округіне
қарасты елді мекендерге көше
атауын беру туралы» 2009 жылғы
9 ақпандағы № 2 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Құдықсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 09 ақпандағы № 2 «Құдықсай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-81 санымен тіркелген, 2009 жылдың 12 ақпандағы аудандық «Хромтау» газетіне жарияланған) мемлекеттік тіліндегі шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелері мен бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «селосында» сөздері тиісінше «ауылдық», «ауылында» сөздерімен ауыстырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
«Құдықсай ауылдық округінің елді мекендеріне көше атауын беру туралы»;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспе бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қантардағы № 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3.2 тармағына және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 шілдедегі «Ақтөбе облысының мекенжай тіркеліміне тіркеу тәртібі туралы және мекенжай құрылымы жөніндегі Ережені бекіту туралы» № 255 қаулысына,» сөздері алынып тасталсын.