О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 9 июня 2009 года № 92 «Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы озера Алаколь (восточное побережье) и впадающих в него водных объектов Урджарского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 9 июня 2009 года № 92 «Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы озера Алаколь (восточное побережье) и впадающих в него водных объектов Урджарского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования»
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 маусымдағы № 92 «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 132
- Қабылданған күні
- 21.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 21.04.2021 155551_521475.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21V0008688
- ЭКБ идентификаторы
- 155551
- Редакция идентификаторы
- 155551_521475
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:31
0 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 маусымдағы
№ 92 «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің
(шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін
белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу жөніндегі жобаны түзету» жобасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 9 маусымдағы № 92 «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлінің (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 2506 болып тіркелген, 2009 жылғы 21 шілдеде «Дидар», 2009 жылғы 20 шілдеде «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі
Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының
басшысы
_____________________ Р. Иманбет
2021 жылғы «___»_______________
7 Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлі (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2021 жылғы 21 сәуірдегі
қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2009 жылғы 9 маусымдағы
№ 92 қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Алакөл көлі (шығыс жағалауы) және оған құятын су объектілерінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
Алакөл көлі
(шығыс жағалауы,
су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасының су кемері балтикалық жүйесінің 350,9 метр белгісінде алынған)
12,923
477,58
500-595,5
12,923
153,78
100-230
Үйжан бұлағы
8,0
1000,59
500
8,0
94,29
35
Донала бұлағы
6,0
537,44
500
6,0
52,58
35
Жарбұлақ бастауы
5,0
449,41
500
5,0
42,96
35
Атауы жоқ бұлақ
2,70
255,60
500
2,70
19,19
35
2 Жарбұлақ бастауы
5,148
487,09
500
5,148
35,26
35
2 Атауы жоқ бұлақ
1,0
77,91
500
1,0
8,20
35
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалау құжаттамасының картографиялық материалында көрсетілген.