О внесении изменений в постановление акимата Аральского района от 9 марта 2010 года N 30 "Об утверждении Инструкции выплаты некоторых видов социальных выплат отдельным категориям граждан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Аральского района от 9 марта 2010 года N 30 "Об утверждении Инструкции выплаты некоторых видов социальных выплат отдельным категориям граждан"
- Атауы (қаз.)
- "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің Нұсқаулықтарын бекіту туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы N 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 06.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2013 58580_206908.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11LC000183
- ЭКБ идентификаторы
- 58580
- Редакция идентификаторы
- 58580_206908
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:38
0 "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің Нұсқаулықтарын бекіту туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы N 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31-бабын, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247 Заңын басшылыққа ала отырып жекелеген санаттағы азаматтарға бір жолғы материалдық көмек берудің тәртібін реттеу мақсатында Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің Нұсқаулықтарын бекіту туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы N 30 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 25 наурызындағы N 10-3-154 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 31 наурызындағы аудандық "Толқын" газетінің N 25 санында ресми жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін.
2
2. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 9 наурыздағы "Азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің Нұсқаулықтарын бекіту туралы" N 30 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 25 наурызындағы N 10-3-154 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 31 наурызындағы "Толқын" газетінің N 25 санында ресми жарияланған) N 1 қосымшасының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Аталған қаулының N 1 қосымшасы "Жекелеген санаттағы азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру Нұсқаулығы" болып - жаңа редакцияда бекітілсін.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К.Данабайға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Аудан әкімдігінің
2011 жылғы "06" сәуірдегі
N 39 қаулысымен
бекітілген N 1 қосымша
Жекелеген санаттағы азаматтарға бір жолғы материалдық көмек беру Нұсқаулығы
7 Жалпы қағида
1 1. Осы Нұсқаулық жекелеген санаттағы азаматтарға берілетін бір жолғы материалдық көмек берудің тәртібін реттейді (бұдан әрі қарай - Нұсқаулық).
2
2. Осы Нұсқаулықты қабылдауда Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247 Заңы негізге алынды.
2 2. Көмек алу құқығы
1 1. Бір жолғы материалдық көмекті алуға құқығы бар жекелеген санаттағы азаматтар:
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi,
2 2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендер,
3 3) Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлері,
4 4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар,
5 5) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысушылары мен мүгедектері,
6 6) Ауған соғысына қатысушылары мен мүгедектері,
7 7) Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақ жұмыстарына тiкелей қатысқан, ядролық сынақ жұмыстарына байланысты мүгедектік алған азаматтар.
3 3. Көмек беру тәртібі
1 1. Бір жолғы материалдық көмек қаржылай жылына бір рет беріледі.
2 2. Көмекті алуға құқығы бар азамат, көмекті тағайындау жөніндегі өтінішті "Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне төмендегідей құжаттармен қоса тапсырады:
1 1) Жеке куәлігі (көшірмесі)
2 2) Азаматтарды тіркеу кітабы (көшірмесі)
3 3) Жеке есеп шотының нөмірі (көшірмесі)
4
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнің, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілгендердің, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлерінің, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдардың, 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысуышылары мен мүгедектерінің, Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің, Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақ жұмыстарына тiкелей қатысқан, ядролық сынақ жұмыстарына байланысты мүгедектік алған азаматтардың құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.