Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 9 июля 2010 года № 172 «Об утверждении Правил участия органов государственной статистики в разработке и формировании статистической методологии»

Бұйрық · № 22 · қабылданған 12.02.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2010-no-172/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 9 июля 2010 года № 172 «Об утверждении Правил участия органов государственной статистики в разработке и формировании статистической методологии» Қолданыста Бұйрық ·№ 22 ·12.02.2020
12.02.2020 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 9 июля 2010 года № 172 «Об утверждении Правил участия органов государственной статистики в разработке и формировании статистической методологии»

Қолданыста Бұйрық ·№ 22 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 9 июля 2010 года № 172 «Об утверждении Правил участия органов государственной статистики в разработке и формировании статистической методологии»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 172 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
22
Қабылданған күні
12.02.2020
Көрсетілген редакция
12.02.2020 139543_444095.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020032
ЭКБ идентификаторы
139543
Редакция идентификаторы
139543_444095
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:02

0 «Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 172 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі

№ 172 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6458 болып тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468 (26311) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу қағидаларын бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының
2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 13-бабы 2) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 266-54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Индустрия
және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Экология,
геология және табиғи ресурстар министрлігі

0 Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу қағидалары

бұйрығына қосымша
Төраға
2020 жылғы 12 ақпаны
№ 22
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 9 шілдедегі №172
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы

19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік статистика органдарының статистикалық әдіснаманы әзірлеуге және қалыптастыруға қатысу тәртібін айқындайды.

2 2. Қағидаларда Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай анықтама пайдаланылады:

мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын және оған жүктелген функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2 2-тарау. Статистикалық әдіснаманы әзірлеу және қалыптастыру тәртібі

3 3. Статистикалық әдіснама статистикалық байқауды жүргізу және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру мақсатында әзірленеді.

4 4. Статистикалық әдіснаманы әзірлеуге (қайта қарауға) және қалыптастыруға негіздер:

1 1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің тиісті құжаттары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары;

2 2) статистикалық әдіснаманың халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкестігі;

3 3) статистикалық әдіснаманы әзірлеуге (қайта қарауға) негіз болып табылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістері болып табылады.

5 5. Статистикалық әдіснаманы әзірлеу немесе қайта қарау мерзімдері осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген оларды әзірлеу немесе қайта қарауға негіз болып табылатын құжаттарға сәйкес айқындалады.

6

6. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауды жүргізу және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру бойынша статистикалық әдіснама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 17-тармағының 262-тармақшасына сәйкес әзірленеді және бекітіледі.

7 7. Ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу және ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру бойынша статистикалық әдіснаманы (бұдан әрі – ведомстволық әдіснама) мемлекеттік статистика органдарына жататын мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлейді.

Мемлекеттік статистика органы-әзірлеуші (бұдан әрі – әзірлеуші) ведомстволық әдіснама жобасын ведомствоға қарау үшін жолдайды.
Ведомство ведомстволық әдіснама жобасын алған күнінен бастап, күнтізбелік отыз күн ішінде ведомстволық әдіснама жобасын ескертулерсіз келісетіндігі туралы жауап береді немесе негіздемелері бар ескертулер мен ұсыныстарды жолдайды.
Әзірлеуші ескертулер мен ұсыныстарды алған күнінен бастап пысықталған ведомстволық әдіснама жобасын он жұмыс күні ішінде қайта келісу үшін ведомствоға жолдайды.
Ведомстволық әдіснама жобасына алынған ескертулермен және ұсыныстармен келіспеген жағдайда, әзірлеуші ескертулер мен ұсыныстардың қабылданбауы туралы жазбаша негіздеме жолдайды.
Ведомство ұсынылған негіздемені алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде талқылау және ведомстволық әдіснама жобасының түпкілікті редакциясын қабылдау үшін жұмыс кездесуін, соның ішінде бейнеконференцбайланыс өткізу арқылы ұйымдастырады.
Қағидалардың осы тармағына сәйкес келісілген мемлекеттік органдардың ведомстволық әдіснамасы Ереженің 17-тармағының 266-55) тармақшасына сәйкес бекітіледі.
Қағидалардың осы тармағына сәйкес келісілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ведомстволық әдіснамасы Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес бекітіледі.

8 8. Әзірлеуші бекітілген ведомстволық әдіснаманы өзінің интернет-ресурсына орналастырады.

Қолданыстағы