Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 марта 2010 года № 183 «Об утверждении Правил присвоения, продления, лишения и прекращения статуса беженца»

Қаулы · № 629 · қабылданған 07.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/9-2010-no-183-ekb-199526/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 марта 2010 года № 183 «Об утверждении Правил присвоения, продления, лишения и прекращения статуса беженца» Қолданыста Қаулы ·№ 629 ·07.08.2024
07.08.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 марта 2010 года № 183 «Об утверждении Правил присвоения, продления, лишения и прекращения статуса беженца»

Қолданыста Қаулы ·№ 629 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 марта 2010 года № 183 «Об утверждении Правил присвоения, продления, лишения и прекращения статуса беженца»
Атауы (қаз.)
«Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
629
Қабылданған күні
07.08.2024
Көрсетілген редакция
07.08.2024 199526_717035.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2400000629
ЭКБ идентификаторы
199526
Редакция идентификаторы
199526_717035
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:12

0 «Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы

9 наурыздағы № 183 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру оны тоқтату қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Босқын деп тану туралы шешімді жергілікті атқарушы орган шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Егер адам өзін босқын деп тану туралы шешімнің көшірмесі өзіне жіберілгеннен кейін үш ай ішінде босқын куәлігін алу үшін жергілікті атқарушы органға келмесе және осы адамның өзі көрсеткен мекенжайда тұрмайтыны туралы хабарлама келіп түссе немесе осы адамның Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге кеткені не адамның Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүргенін растайтын басқа да анық ақпарат алынса, жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесін беру туралы өз шешімінің күшін жояды.»;
8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Босқын Қазақстан Республикасының аумағындағы болатын жерін ауыстырған кезде оның жеке ісінің материалдары босқын жаңадан есепке қойылған жердегі жергілікті атқарушы органға жіберіледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Пана іздеп жүрген адамға Заңның 12-бабында көзделген негіздерге сәйкес босқын мәртебесін беруден бас тартылған жағдайда жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бас тарту себептері мен қабылданған шешімге шағымдану тәртібі көрсетілген шешімнің көшірмесін тапсырады немесе оның болатын жеріне жібереді, сондай-ақ қабылданған шешімнің көшірмесін ұсына отырып, уәкілетті орган мен ішкі істер органдарын хабардар етеді.»;
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мерзімді ұзартқан кезде жергілікті атқарушы орган босқынның босқын куәлігінің, тұруға ықтиярхатының (бар болса), жол жүру құжатының бар-жоғын тексереді, отбасы жағдайындағы, отбасы құрамындағы, болатын мекенжайындағы өзгерістер туралы мәліметтерді нақтылайды және бұл өзгерістерді босқынның жеке ісіне енгізеді.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Босқын мәртебесін ұзартудан бас тартылған жағдайда жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган мен ішкі істер органдарын қабылданған шешімнің көшірмесін ұсына отырып хабардар етеді, сондай-ақ босқын мәртебесін ұзартудан бас тартылған адамға қабылданған шешім және босқын куәлігін жарамсыз деп тану туралы хабарламаны тапсырады немесе жібереді.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Жергілікті атқарушы орган босқын мәртебесінен айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы адамға қабылданған шешімнің себептері көрсетілген және оған шағымдану тәртібін түсіндірілген шешімнің көшірмесін тапсырады немесе жібереді, сондай-ақ уәкілетті орган мен ішкі істер органдарын қабылданған шешімнің көшірмесін ұсына отырып хабардар етеді.»;
16-тармақтың екінші бөлігіндегі «16» деген цифрлар «15» деген цифрлармен ауыстырылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы