О внесении изменений в решение маслихата от 9 июля 2010 года № 313 "О правилах оказания жилищной помощи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 9 июля 2010 года № 313 "О правилах оказания жилищной помощи"
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 470
- Қабылданған күні
- 11.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 09.02.2015 61788_112537.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.02.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11NA000174
- ЭКБ идентификаторы
- 61788
- Редакция идентификаторы
- 61788_112537
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:12
0 Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" мәслихатының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-1-152, 2011 жылғы 24 тамыздағы және 2011 жылғы 26 тамыздағы "Қостанай" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармақтың бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) (бұдан әрі - өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - орталық) өтінішпен өтініш жасайды және мынадай құжаттарды ұсынады:";
3, 4-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті органға немесе орталыққа құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкерлерімен куәландырылған құжаттардың көшірмелері іске тіркеледі.
4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттарды беру сәтінен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.".
2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ В. Рубинский